Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үздік ұстаз атанды

Үздік ұстаз атанды

Жанкент ауылының тумасы Азамат Қаруов— білім беру саласына өз өрнегін қалдырып келе жатқан білікті педагог. Сүлейман Демирел университетінің түлегі еңбек жолын «Достық білім беру орталығында» бастап, Тараз, Шымкент және Павлодар қалаларында мұғалім болып қызмет атқарды. Осы өңірлердегі тәжірибесі оның ұстаздық қарымын кеңейтіп, әдістемелік ізденісін тереңдетіп, әртүрлі ортадағы оқушылармен жұмыс істеу қабілетін шыңдай түскен.
2020 жылдан бастап №104 мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі еңбек етіп келеді. Осы жылдар ішінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға, шығармашылық ойлауын дамытуға және білім сапасын көтеруге бағытталған көптеген жобалар мен жұмыстарды жүзеге асыруда.
Азамат Талғатұлы – өз ісіне шын берілген, әрқашан ізденісте жүретін жас маман. Жақында педагогикалық шеберлігі мен жаңашыл әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану нәтижесінде «Үздік қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – 2025» марапатының жеңімпазы атанды. Бұл жетістік — оның табанды еңбегінің, кәсібилігінің және ұстаздыққа деген адалдығының айқын дәлелі.
Әлима НҰРАДИН
20 желтоқсан 2025 ж. 203 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930