Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұйымдастырушылық пен ұлағатты ұштастырған

Ұйымдастырушылық пен ұлағатты ұштастырған

Мектеп – тек білім ордасы ғана емес, тұлға қалыптасатын үлкен тәрбие алаңы. Ал сол ортада тәрбие мен білімнің үйлесім табуына, оқушылардың қоғамдық белсенді, рухани бай, елжанды азамат болып өсуіне тікелей ықпал ететін маман – ұйымдастырушы-педагог. Ол көзге көп көріне бермесе де, мектеп өмірінің барлық тыныс-тіршілігін бір арнаға тоғыстырып жүрген жауапты қызмет.
Сондай айрықша істі атқарып жүрген №266 мектеп-лицейдің ұйымдастырушы-педагогі Қуаныш Жиенқұлов оқушы мен ұстаздың, мектеп пен ата-ананың арасындағы алтын көпір. Ол тәрбиелік іс-шаралардың мазмұнды өтуіне, мектепішілік қоғамдық жұмыстардың жүйелі ұйымдастырылуына, оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануына жетекшілік етеді. Мектеп қабырғасында өтетін әрбір мерекелік кеш, патриоттық шара, мәдени-танымдық кездесу мен қайырымдылық акциясының артында осы маманның ерен еңбегі жатыр.
Бүгінгі ұйымдастырушы-педагог тек іс-шара өткізуші емес, ол – тәлімгер, бағыт-бағдар беруші, психолог әрі ұйымдастырушы. Ол жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, отансүйгіштікке тәрбиелеу, тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастыру жолында аянбай еңбек етеді. Әр баланың қабілетін байқап, оны дамытуға жағдай жасау осы маманның басты міндеті.
Мектептегі қоғамдық ұйымдардың, үйірмелер мен клубтардың белсенді жұмыс істеуіне ықпал етіп, оқушылардың шығармашылық әлеуетін ашуда ұйымдастырушы-педагогтің орны ерекше. Ол шәкірттердің сахна мәдениетін, шешендік қабілетін, көшбасшылық қасиетін дамытуға күш салады. Түрлі байқау мен сайыста оқушылардың жетістікке жетуі ұстаз еңбегінің жемісі.
Сонымен қатар ұйымдастырушы-педагог ата-аналармен тығыз байланыс орнатып, отбасы мен мектептің бірлескен жұмысын нығайтуға атсалысады. Яғни бала тәрбиесіндегі аса маңызды бағыттардың бірі. Ұстаздың жанашырлығы мен жауапкершілігі ата-аналардың да сенімін арттырады.
Қоғам дамыған сайын тәрбие жұмысының маңызы арта түсуде. Осындай кезеңде ұйымдастырушы-педагогтің рөлі бұрынғыдан да маңызды. Ол – мектептің рухани тірегі, ұжымдық бірліктің ұйытқысы, оқушының өмір жолына бағыт беретін тұлға.
Ұйымдастырушы-педагогтің тынымсыз еңбегі – жас ұрпақтың жарқын болашағына қосылған өлшеусіз үлес. Сондықтан да аталған мамандық иелеріне құрмет көрсету ұстазға, тәрбиеге, ел болашағына деген құрмет.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА















27 желтоқсан 2025 ж. 144 0

Мәдениет – өркениет өзегі

27 желтоқсан 2025 ж. 136

Ұстаздар жылды қорытындылады

27 желтоқсан 2025 ж. 140

Кәсіпкерлік көші ілгері

27 желтоқсан 2025 ж. 120

Қуантқан барлық баланы

27 желтоқсан 2025 ж. 123

Қуанса, бала қуансын!

26 желтоқсан 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031