Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «ЖІГІТТІҢ СҰЛТАНЫ – 2026» АНЫҚТАЛДЫ

«ЖІГІТТІҢ СҰЛТАНЫ – 2026» АНЫҚТАЛДЫ

25 ақпан күні Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығының ұйымдастыруымен аты аңызға айналған, қазақ балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 155 жыл толуына орай «Жігіттің сұлтаны – 2026» атты аудандық жігіттер байқауы өткізілді.
Байқауға ауданымыздың намысын ту еткен 20-30 жас аралығындағы 8 үміткер қатысты.
Байқау төрт кезең бойынша жүргізілді. Бірінші кезеңде «Тегімді менің сұрасаң» – кезеңінде жігіттер шежіре мен жеті атасын таныстырды. Екінші кезеңде «Сегіз қырлы, бір сырлы» – өнер мен қолөнер шеберлігін көрсетті. Үшінші кезеңде «Ұлттық киім – ұлт ажары» – сән көрсетілімін көрсетіп , танымдық сұрақтарға жауап берді. Байқаудың соңғы кезеңінде «Білекті жігіт» – қол күресінен күш сынасты.
Байқаудың қорытындысы бойынша
БАС ЖҮЛДЕ-Талғатбек Мағжан /№216 мектеп/
І ОРЫН-Дәуренбек Нұрдәулет /№249 мектеп-лицей/
ІІ ОРЫН -Нұржан Оразғали /Агро колледжі/
ІІІ ОРЫН-Шаханов Жансұлтан /№276 мектеп/
ІІІ ОРЫН -Бозжігіт Данияр /Көлік-техникалық колледжі/
Арнайы номинациялар:
"Қажымұқан" атындағы "Қайсар жігіт" бағамымен -Рүстембек Қажымұқан /Бозкөл ауылы, №96 мектеп/ “Көрермен көзайымы" бағамымен -Алдасберген Дәулет /№266 мектеп/ “Өнерлі жігіт" бағамымен -Жаханша Есбол /№17 мектеп/ арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Қазылар алқасының төрағасы Табынбаев Есет/“Қазалы” газетінің бас редакторы/
Қазылар алқасының мүшелері- Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығының Ж.Тұрсынов атындағы халықтық театрының режиссері Рсалиева Индира және аудандық спорт клубының қол күресінің аға жаттықтырушысы Рахан Мерей Жанахметұлы әділ бағасын берді.


27 ақпан 2026 ж. 152 0

Азаттықтың ақтаңгері

14 сәуір 2026 ж. 149

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930