Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «АТАМҰРА» ХАЛЫҚТЫҚ АРДАГЕРЛЕР АНСАМБЛІНІҢ КОНЦЕРТТІК КЕШІ ӨТТІ

«АТАМҰРА» ХАЛЫҚТЫҚ АРДАГЕРЛЕР АНСАМБЛІНІҢ КОНЦЕРТТІК КЕШІ ӨТТІ

Әйтеке би кенттік Мәдениет үйінде «Атамұра» халықтық ардагерлер ансамблінің «Өнегелі өмір – өрнекті өнер» атты мазмұнды концерттік кеші өтті.
Тағылымды шараға аудан әкімі Алмасбек Есмаханов арнайы қатысып, ардагер өнерпаздарға құрмет білдіріп, құттықтау сөз сөйледі.
-Қазалы өңірі қашанда өнер мен руханиятты қадірлеген, ұлттық мәдениетті ұлықтаған киелі өлке. Осынау өнер қонған киелі өңірдегі «Атамұра» халықтық ардагерлер ансамблінің шығармашылық жолы – ұрпақтар сабақтастығының жарқын үлгісі. Ансамбль ұжымның аудан мәдениетінің дамуына қосып отырған үлесі зор, ел руханиятын байыту жолындағы еңбектері жоғары. Бүгінде ұлттық өнерді насихаттап, өңір мәдениетінің мерейін асырып келе жатқан ұжымға аудан жұртшылығының және өз атымнан шынайы ризашылығымды білдіремін. Ұлттық өнерге сіңірген еңбектеріңіз – ел тарихының, өңір мәдениетінің ажырамас бөлігі. Сіздердің өнегелі өмірлеріңіз бен өрнекті өнерлеріңіз – Қазалының рухани шежіресі. Алдағы уақытта да шығармашылық табыстарыңыз толастамай, сахнадан нұрлы жүздеріңіз көрініп, елге рух, жастарға шабыт сыйлай берсін, - деді аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы.
Кеш барысында аудан басшысы ансамбль мүшесі, Қазалы өңіріндегі халық оркестрін қайта жаңғыртуға үлкен үлес қосқан Ерпазыл Жүсіповті 75 жас мерейтойымен құттықтады. Өнер жолында ұзақ жылдар бойы табанды еңбек етіп келе жатқан ардагерге ізгі тілегін білдіріп, шығармашылық табыс пен ұзақ ғұмыр тіледі.
Концерт барысында ансамбль орындауындағы халық әндері мен күйлері, елдік пен бірлікті дәріптейтін мазмұнды шығармалар көрерменнің зор ықыласына бөленіп, кеш шынайы рухани мерекеге ұласты.
«Атамұра» ансамблінің қалыптасу тарихы – аудан мәдениетінің даму жолымен тығыз сабақтас. Бұл ұжымның бастауы 2011 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай құрылған «Күй самалы» ансамблінен бастау алды. Сол кезеңнен бастап бұл шығармашылық ұжым аудан өміріндегі маңызды мәдени шаралардың бел ортасында жүріп, түрлі мерекелік кештерде, тағылымды кездесулерде, айтулы даталарға арналған концерттерде өнер көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Ансамбльдің негізін қалаушы, бүгінде де ортамызда аман-есен жүріп, шығармашылық ұжымға жетекшілік етіп келе жатқан өнер қайраткері Орақ Баубеков. 2014 жылы аудан әкімдігі мен аудандық ардагерлер кеңесінің қолдауымен ансамбль құрамы қайта жасақталып, зейнеткерлікке шыққан, бірақ өнерден қол үзбеген дарынды азаматтармен толықты. Осы кезеңнен бастап ұжым «Атамұра» ардагерлер аспаптық-әншілер ансамблі деген атаумен жаңа тыныс алып, шығармашылықтың жаңа белесіне көтерілді.
26 ақпан 2026 ж. 37 0

ХАБАРЛАНДЫРУ!

26 ақпан 2026 ж. 34

Есіктен есікке

26 ақпан 2026 ж. 40

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728