Кездесу кеші

Кеш барысында Орақ Рахашұлымен сыр сұхбат ұйымдастырылып, жас буын оқушылар тəлім тəрбиесі мол тағылымды шараға куə болды. Сонымен қатар, ансамбль мүшелері кеш кейіпкеріне жылы лебіздерін білдіріп, жеке орындауда өнерлерін көрсетті. Кеш соңын ауылдық округтің бас маманы С.Құтпанбетов, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Садуов, əйелдер кеңесінің төрайымы Қ.Бекжанова, Орақ Рахашұлының құрдасы К.Құрманбаев, туыстары атынан Ж.Сармолдаев жылы лебіздерімен бірге ауыл тұрғындары атынан шапан жауып, сый- құрмет көрсетсе, ауыл ақсақалы Айдулла көкеміз ақ батасын берді.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат.