Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Өмірін өнермен өрнектеген

Өмірін өнермен өрнектеген

КСРО мәдениетінің үздігі, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Қазалы ауданының құрметті азаматы, күйші, сазгер Орақ Баубеков 75 жасқа толуына орай Р.Бағланова атындағы мәдениет үйінде “Өнер құдіреті” атты шығармашылық кешін өткізді.
Шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Мұхтар Оразбаев жиналған көпшілікті ең әуелі Қызылорда облысының 85 жылдығы және Қазалы ауданының 95 жылдық мерейтойымен құттықтады. Сонымен қатар айтулы мереке қарсаңында 75 жасқа толып жатқан өнер адамына жылы лебізін білдірді.
Соған сәйкес Қызылорда облысының “Құрмет грамотасы» мен аудан әкімінің “Құттықтауын” табыстап, иығына шапан жапты.
Мұнан соң Орақ Рахашұлы жетекшілік ететін өнерлі ардагерлерден құралған “Атамұра” халықтық ансамблі, “Қорқыт сазы” фолклорлық халықтық ансамблі, “Мырза” атындағы ұлт аспапты оркестр және “Әуезовтер” отбасылық халықтық ансамбль
жиналған көпшілікке өздерінің туындыларын ұсынып, ерекше қошеметке бөленді.
Кеш соңында ҚР Мәдениет саласының үздігі Орақ Баубеков сөз алып, кешке арнайы келген қонақтарға алғысын айтып, ризашылығын жеткізді.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
04 желтоқсан 2023 ж. 323 0

Бау-бақшасы жайқалған

30 наурыз 2025 ж. 244

Жеңімпаз атанды

30 наурыз 2025 ж. 240

Асық ойнаған озады

29 наурыз 2025 ж. 251

ҰШҚЫР ДОП ШЕБЕРІ

29 наурыз 2025 ж. 238

Келіннің ақылы

29 наурыз 2025 ж. 239

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31