Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Түнгі рейд: жасөспірімдердің қауіпсіздігі басты назарда

Түнгі рейд: жасөспірімдердің қауіпсіздігі басты назарда

Қазалы ауданында облыс әкімі – Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес қоғамдық тәртіпті бақылау және жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 15 рейдтік топ құрылып, күнделікті жұмыс жүргізіп келеді.
Түнгі рейдтер барысында кәсіпкерлерге кәмелетке толмағандарға қатысты белгіленген шектеулер кеңінен түсіндіріліп келеді.
Бұл жолы түнгі рейд жұмыстарына аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов, аудан прокурорының орынбасары Биқожа Жұмаш, аудандық полиция бөлімінің бастығы Асылбай Аңсатов, аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов, полиция инспекторлары мен мектеп директорлары қатысты.
Рейд барысында арнайы құрам спорт алаңдары, мейрамханалар, дүкендер, ойын-сауық орталықтары мен тамақтанатын орындарға барып, кәмелет жасқа толмаған өскіндердің беймезгіл уақыттан кейін жүруіне болмайтындығын ескертті.
Сондай-ақ түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрген жасөспірімдер анықталып, олардың ата-аналарына тиісті ескертулер беріліп, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес профилактикалық шаралар қабылданды.
Жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтың алдын алуға және қоғамда заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған рейд жұмыстары күнделікті жалғаса беретін болады.
22 ақпан 2026 ж. 108 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728