Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Мен Отаныммен мақтанамын» атты тәрбиелік шара өтті

«Мен Отаныммен мақтанамын» атты тәрбиелік шара өтті

Қазалы қалалық «Ақерке» бөбекжай-балабақшасында Республика күніне орай шара өтті. «Балауса» ортаңғы тобының бүлдіршіндері «Мен Отаныммен мақтанамын» атты тәрбиелік іс-шарада Отанға деген сүйіспеншіліктерін өнерлерімен жеткізді.
Шараның басты мақсаты – жас ұрпақты Отанды, туған жерді сүюге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу, балалардың ән айту, тақпақ оқу, би билеу және ойын арқылы өз сезімдерін еркін білдіруіне мүмкіндік беру.
Мерекелік шараны тәрбиешілер Лиза Ашықбаева мен Айгерім Шманова ерекше дайындықпен ұйымдастырған. Балалар Республика күнінің мән-маңызын айшықтайтын, көк Туымыздың түсін бейнелейтін арнайы бірдей киімдер киіп, көздің жауын алды.
Жиынды алдымен балабақша меңгерушісі Гүлжазира Әлиқызы салтанатты түрде ашып, жиналғандарды Ұлттық мерекемен құттықтады. Одан соң барша қатысушылар Мемлекеттік Әнұранды асқақтата шырқады. Бұдан кейін бүлдіршіндерге Республика күніне арналған бейнеролик көрсетіліп, сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Жас өрендер жаттаған тақпақтарын мәнерлеп оқып, көпшіліктің қошеметіне бөленді. Тәрбиеленушілерден құралған қыздар тобы мың бұрала билеп, әсем әннен шашу шашты.
Шара барысында бүлдіршіндер «Шаңырақ» ойынын ойнап, мерекенің мазмұнын аша түсті. Ал кеш соңы барлық қатысушылардың хормен ән шырқауымен қорытындыланды. Мұндай шаралар бүлдіршіндердің бойында патриоттық сезімді қалыптастырып, туған елге деген махаббатын арттырары сөзсіз.

Саламат РАХАТҰЛЫ
23 қазан 2026 ж. 74 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031