Оқушылар құтқарушылардың жауапты қызметімен танысты
Құтқарушылар күні қарсаңында «Жастар рухы» жастар қанатының Қазалы аудандық бөлімшесінің ұйымдастыруымен оқушылардың қатысуымен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінде танымдық-түсіндіру шарасы өткізілді.Шараның негізгі мақсаты – жас ұрпаққа құтқарушы мамандығының маңыздылығын таныстыру, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және төтенше жағдайлардың алдын алу жөнінде түсінік беру.
Шара барысында оқушылар төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерінің күнделікті жұмысымен танысып, құтқару жұмыстарына қолданылатын арнайы техникалар мен құрал-жабдықтар туралы мәлімет алды. Сондай-ақ мамандар өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету және алғашқы қауіпсіздік шаралары жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Танымдық кездесу оқушылардың құтқарушы мамандығына деген қызығушылығын арттырып, қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін толықтыруға мүмкіндік берді.














