Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Түнгі рейд жұмысы жалғасады

Түнгі рейд жұмысы жалғасады

Қазалыда жастар арасындағы құқық бұзушылық пен топтық төбелестің алдын алу шаралары сәуір айынан бері жалғасын тауып келеді. Қоғамдағы өзекті болып отырған бұл мәселеге қатысты аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев түнгі рейд жұмыстарын күшейтіп, құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша бірқатар тапсырмалар берген болатын.
Осыған орай аудан орталығында күн сайын кезектілікке сәйкес түнгі рейд жұмыстары тоқтаусыз жүргізілуде.
Аудан әкімі аппаратының басшысы Ринат Тілеп бастаған қоғамдық тәртіпті бақылаушы топ аудан орталығындағы жасөспірімдердің көптеп бас қосатын орындарына бас сұғып, түсіндірме жұмыстарын жасады.
Атап айтсақ, арнайы құрам спорт алаңдары, мейрамханалар, дүкендер, ойын-сауық орталықтары мен тамақтанатын орындарға барып, кәмелет жасқа толмаған өскіндердің беймезгіл уақыттан кейін жүруіне болмайтындығын ескертті.
Сонымен қатар жұмысшы топ мүшелері аудан аумағындағы «Самара-Шымкент» тас жолы бойындағы жол бойы қызмет көрсету кешендерінеде барып, ондағы жағдайды бақылады.
Айта кетейік, бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті бекітілген кестеге сәйкес жүргізіле беретін болады.
Қазалы ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы
14 ақпан 2024 ж. 421 0

30 қыркүйекке валюта бағамы

30 қыркүйек 2026 ж. 69

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031