Алпамыс баба ғибраты
Қазақ дүниетанымында кей адамдар бар. Олар жай ғана өмір сүріп өтпейді, тұтас бір дәуірдің рухын арқалап өтеді. Алпамыс баба – сондай сирек жаратылған тұлғалардың бірі. Оның ғұмыры – аңыз бен ақиқаттың, сенім мен шындықтың, таным пен тағдырдың бір арнаға тоғысқан көрінісі.Алпамыс жастайынан алғыр болып өсті. Ел ішінде «мына бала тегін емес» деген сөз ерте айтылды. Оның бойынан өзгелерде сирек кездесетін ой тереңдігі, парасат салмағы, сөзге жауапкершілік айқын сезілетін. Балғын шағында-аққажыр-қайратын білім мен ілімге арнап, сөзді биіктен сөйлейтін деңгейге жетті. Жаратылысынан зерек жан өмірді үстірт қабылдамады, әр құбылыстың мәнін іздеді, адам жанының қатпарлы сырын ұғынуға ұмтылды.
Халық оны әр қырынан таныды. Бірі бақсы деді, бірі тәуіп санады, бірі молда, енді бірі әулие деп білді. Бірақ ол өзін ешқашан белгілі бір атауға байлаған жоқ. Уақытөтекелеөміржолыныңөзіоныңшынболмысынайқындап, соңына «баба» деген қасиетті атты қалдырды. Бұлатау – атақемес, елдің берген бағасы, рухани мойындауы еді. Алпамыс бабаның бойындағы тылсым қасиет – көзге көрінбейтін, бірақ жүрекпен сезілетін қуат болатын. Он сегіз жасында жынның жолын кескені жайлы айтылатын әңгімелер де – оның рухының тазалығы мен ішкі күшінің көрінісі. Нанымсыз көрінетін бұл сөздердің түбінде өмірлік тәжірибеден, адам жанының заңдылығын терең түсінуден туған ақиқат жатты.
Алпамыс бабаның болмысы тектілік пен астасып жатыр. Ол Қаракесек атамыздан тараған, Жақау батырдай ерлердің ұрпағы. Бағдат пен Бұхардан білім алған, қалпе атанған Кешубай, елге шипа болған Ақтай баба секілді білім мен рухты қатар ұстаған әулеттің жалғасы. Ақтай бабадан тараған алты ұл – халық арасында «Алты атан» атанған бірліктің, ерліктің, тектіліктің үлгісі болды. Сол алты ұлдың кенжесі – Алпамыс. Кенже болса да, салмағы ауыр, жолы бөлек, тағдыры терең еді.
Алпамыстың болмысы бала кезінен-ақ өзгеше танылды. Ол ортағасіңіпкететінкөптің бірі болмады. Ерте жастан байқалған байыптылық, сабыр, қоршаған дүниеге сергек қарау – оның жанының ересек екенін аңғартты. Мұндай қасиет тек тәрбиеден емес, тектен, жаратылыстан дариды.
Мың сегіз жүз алпыс сегізінші жылдың шамасы. Сыр бойының аяқ жағы. Назар ауылы жаз жайлауға енді ғана қонып, көктемнің май тоңғысыз, жер бусанып, гүл-бәйшешек көктеген шағы еді. Табиғаттың өзі тіршілік кеш аттанып, жан-жануар да, адам да бір рахат күйгебөленгенкез. Түс ауа ауыл тыныстап, бала-шаға қымыз сұрап, үлкендердамылалуға бет бұрғанда, бір сәтте Алпамыстың жоқтығы сезілді. Шешесі«Алпанжан»деп баласын дауыстап іздеп, таппады. Аз ғана ауылдың іші әп-сәтте абыр-сабырға толды. Іздегенмен табылмады. Бес-алты үй ғана отырған ел үшін бұл –үлкен үрей еді. «Аспанға ұшып кеткендей, жерге кіріп кеткендей» деген күй кешті жұрт.
Сол сәтте көз ұшында бір-екі атты көрінді. Көрші ауылға мал қарауға кеткен Мейірман әкесімен келе жатты. Болған жайды естігенде әкесі бірден қауіп сезіп, ойға шомды. Содан соң, есіне әлдене түскендей, Райымға баратын жолға түсті. Кеше ғана баласы Алпамыстың «мен де барамын» деп Райым жақты сұраған. Ол кезде ертең апарамын деп тоқтатқан. Бірақ баланың ізіне қарағанда, әкеге қарамай-ақ, өзі жолға шыққаны анық еді. Ат үстінде бір тостақ қымыз ішіп, көп кідірмей баланың ізін қуған әке томпақ аяқтың ізімен ұзап кеткен жолды көрді. Із тікелей Райымға қарай тартқан.
Райым – сол кезде сауда-саттық жүріп тұратын жер. Онда ел «Иван тамыр» атап кеткен, майда-шүйде саудамен айналысатын, қазаққа жат емесбірорыссаудагерітұратын. Сол күні түс мезетінде оның үйіне боз көйлекті, кішкентай ғана бала жалғыз өзі келіп қалған еді. Иттер үргенімен, бала иттерден қорқып, жыламады, тайсалмады. Иван мұны бірден байқады. Балаға мейірлене қарап, жуындырып, тамақ бергізіп, өрік-мейіз ұсынып, тыныштандырды. Бір-ақ рет көрген Назарды ұмытпаған. Бала пәк көңілімен «әкем келеді» деп сенді. Сол сенім, сол сабыр Иванға да ерекше әсер етті. Екі жасар баланың жанарынан ол өзгеше сәулені, ерекше сананы көрді. «Мұны тәрбиелеп, ілім-білім үйретсе, ертең елге танылар дана болар» деген ой көкейіне келді. Баланың ата-анасы алаңдап отырғанын түсініп, Алпамыстықасынаотырғызып, жеңіларбағажегіп, қазақ ауылына өзі жеткізуді жөн көрді.
Бұл оқиға Алпамыстың болашақ болмысының алғашқы белгісі болатын. Баланың бойындағы батылдық, жол тануы, жат адамнан именбеуі, ішкі сенімі – бәрі де ерте жетілген рухтың нышаны еді.
Жылдар өте келе сол бала Назар ауылында тағы бір қырынан танылды. Бір түні ауылда үлкен думан өтті. Домбыра шертіліп, жыр төгілді. Сарыбала жырау Мәулімниязды, Едігені, Қарасайды жырлап, елдің рухын көтерді. «Нар идірген», «Боз жорға», «Ақсақкиік» секілді күйлер түн тыныштығын тербеп, тыңдаған жанның жан дүниесін өзгертті. Таңға жуық күйші сыртқа шыққанда, үй ішінен әлгі күйлердің үні әлі де естілгендей болды. Бұл жай елес емес еді. Сарбаланың домбырасын өңгеріп алып, бес жастағы Алпамыс дәл солк үйлерді нақышына келтіре тартып отырды.
Сол сәттен бастап ел тағы да бір шындықты мойындады. Бұл бала жайғана бала емес. Оның бойында тектен, тағдырдан келген өзгеше қабілет бар еді. Кейінгі ғұмырында бақсы, тәуіп, молда, әулие деп танылуы, екі ғұмыр кешуі, тоқсан үш жасқа келіп армансыз өтуі – бәрі де осы ерте көрінген белгілердің жалғасы болатын. Алпамыс бабаның өмір жолы осылайша сәби шағынан-ақ ел жадында аңыз бен ақиқаттың тоғысқан бейнесіне айналды.
Алпамыс бабаның болмысын түсіну үшін оны тек өмірбаяндық деректермен өлшеу жеткіліксіз. Ол – белгілі бір кезеңнің ғана емес, қазақтың көне рухани танымының, тектілік жадының тірі көрінісі. Оның бойындағы қасиет кейін қалыптасқан мінез емес, жаратылысымен бірге келген ішкі күш, табиғи даралық еді. Мұндай адамдар халық жадында кездейсоқ сақталмайды. Олар – уақыттың өзі іріктеп қалдырған тұлғалар.
Алпамыс бабаның өмір жолы тылсымнан басталып, таныммен тәмамдалған тағдыр еді. Ол бұл дүниеге жай адам болып келмегенін ерте сезді. Балалық шағынан-ақ бойындағы алапат күш кейде ақылға бағынбай, жанын да, тәнін де шаршататын. Бірде сергек, бірде мең-зең күй кешіп, өз-өзін тани алмай жүрген шақтары аз болған жоқ. Бұл – ауру ма, әлде басқа әлемнің белгісі ме – оны өзі де айыра алмады.
Сол тұста әкесі Назардың жүрегі тыныштық таппады. Баласының жанын жегідей жеген беймәлім күй, кейде бойын билеп кететін тосын мінез – әкетүйсігіналаңдатты. Үмітін үзбей, шипа іздеп, Алпамысты Арыстан бапқа алып келеді. Бұл сапар жай сапар емес, тағдырдың өзі бастаған тура жол болатын. Арыстан бап басында түнеп жатқан түндердің бірінде әкесі Назар аянкөреді. Түсінде ақсақалды қария әкеге сабырайтып, баласы үшін қам жемеуін өтінеді. Әруақ баланың жай бала емес екенін, асыл текті, ерекше рухани қуатпен туылғанын айтады. Сол себепті перілер де оның жанына көз салып, өз әлеміне тартпақ ниетте жүргенін ескертеді. Пері күшін тек дұғамен, рухани тазарумен ғана байлауға болатынын айтады. Қырық күн бойы үзбей оқылатын дұға дертінің шипасы екенін, егер дұға жеті рет бір деммен оқылса, тылсым күштер байланады деген сенім беріледі.
Сол күннен кейін тағдыр оны Сәрсенбайдың ауылына әкеледі. Бұл ауылда Сұлу аттықыз жын дертіне шалдыққан болатын. Қанша бақсы, қанша молда келсе де, ауру асқынып, елдің үрейін алған. Қыздың қолы байлаулы, жаны тұтқында еді. Бұл көрініс Алпамыстың өз өткенін еске салды. Ол қыздан өз бейнесін көреді.
Ем басталған сәт – екі тағдырдың түйіскен тұсы болады. Алпамыс қызға емес, жынға қарсы тұрады. Қыздың бойындағы жын жұлқынған сайын, Алпамыс дұғасын күшейтеді.
Ақыры жын шегінеді. Қыздың денесі жеңілдеп, жаны тыныштық табады. Ұйқыға кеткен Сұлумен бірге Алпамыстың өзі де жаңарады. Осы ем – оның өз дертіне де шипа болды. Ол алғаш рет жынды жеңеді. Осы күннен бастап Алпамыс бұрынғы Алпамыс емес, басқа күйге енді. Ол тылсымға табынған бақсылық жолдан біртіндеп алыстап, білім мен парасатқа сүйенген емшілікке бет бұрды. Зікірді айқайға емес, санаға сіңген тәсілге айналдырды. Емді адам алдындағы жауапкершілік деп қабылдады.
Міне, дәл осыдан кейін халық оны жай емші деп емес, рухы орныққан, сөзі салмақты, жолы айқын «баба» деп таныды.
Жаңа ғасырмен бірге елдің тұрмысы да өзгерді. Кімге мал мен бақ дарып, кеңшілік бұйырды, кімгек үнелту үшін маңдай терін сығып еңбек ету жазылды. Бірақ бос жатқан жан болмады. Бірі мал бақты, бірі жер жыртты, бірі кәсіп қуды. Ал қариялар болса, ата-анадан айырылып қалған сәбилер үшін Жаратқаннан медет тіледі.
Сол жұрттың қатарында Алпамыс та бар еді. Ата-анасытағдырдыңжазуымен ертекеткенсоң, ол да өз шаңырағын көтеріп, тірлігін адал еңбекпен жалғады. Байлығы мол болмаса да, абыройы асқақ болды. Бір аты, бірер сиыры, азын-аулақ қойы бар қарапайым тірлік кешті. Бірақ ел ішіндегі қадір-қасиеті малмен емес, білімі мен мінезімен өлшенді.
Ол өзін ешқашан өзгеден биік қоймады. Өлгенге жаназа оқып, тіріге жұбату айтты. Қаралы үйден ас алмады, ақы сұрамады. Дінді күнкөріс құралына айналдырған дүмшелерге қарсы тұрды. Дін – адамды тазартатын жол, өмірден бөлінбейтін тәрбие деп білді. Адалдықты, шын көңілді, қайырымдылықты иманның өзегі санады.
Балаларды оқытты, ғылым үйретті. Сүндетті сауап үшін жасады, бірақ оны да пайдаға айыр бастаған жоқ. Келген жанның жанын алдымен демеді, тәнін содан кейін емдеді. Ол үшін шипаның басы – жүректегі сенім, көңілдегі тыныштық еді.
Аурудыңалдыналу – емнен де маңыздыдепүйретті. «Сақтанғанды Құдай сақтайды» деп, күнделікті өмірдің тәртібін түсіндірді. Артық тамақтанбауды, уақытында демалуды, сабыр сақтауды, тән мен жан тазалығын ұстануды өсиет етті. Қозғалысты, тер шығаратын еңбекті, тазалықты денсаулықтың тірегі санады. Оразаны ағзаның тынығуы, ал адал жар төсегін жан мен тәннің шипасы депбілді.
Білгенін жасырмады, еңбегін асырып көрсетпеді. Бергенді міндетсінбей қабылдап, алмағанға өкінбеді. Келген жанды үмітсіз қайтармауға тырысты. Себебі о лүшін ең асыл ем – адамның үмітін тірілту еді.
Баба Алпамыс еңбекқорлықты қадірледі. Ол айналасындағыларға еңбектенуді, әрбір ісін ықыласпен орындауды үйретті. Бірақ оның ең үлкен ерекшелігі – адамгершілік пен мейірімділікті өнерімен бірге үйлестіруі еді. Адамға қол ұшын созу ол үшін парызболатын.
Кешегі дүрбелең заманда ақиқат пен жаланың арасы ажырамастай араласып, адам тағдыры бір парақ қағазға тәуелді болған кезеңде бір ауыл ішінде жала мен жапаға үнсіз қарсы тұрған Алпамыс баба еді. Қара тізімге ілінсе де, тағдырға қарсы шықпады. Сабырын серік етіп, әділдікті Алладан күтті. Өйткені оның өмір бойғы ұстанымы – «Ақтың жүзі – жарық ,ақиқат түбі жеңеді» деген сенім еді. Сол сенім ақталды. Алпамыс баба ғана емес, онымен бірге бірнеше адал жан қара құрсаудан босатылды.
Жұт келді. Аштық келді. Оба келді. Адамды да, үмітті де қынадай қырған ауыр заман. Сол зұлматта Алпамыс баба тағдырдың ең ауыр сынағын көрді. Тоғыз жаннан жалғыз қалды. Ас орнына – қайғы, жарық орнына – қара түн жұтты. Алпыс жетіге келгенде өмірдің өзі оған удай көрінді. Бірақ баба оған сынбады. Көз жасы кеппесе де, көңілінде үміт отын өшірмеді. Өйткені олбілетін. Қиындық түбі – үміт, ал үміттің түбі – Алла.
Түсіне енген ақ сәлделі қария оның жанып бара жатқан жүрегіне соңғы от жақты. «Қайғыға кіріптар болма, ошағыңды өшірме» деген сол бір үн Алпамыстың тағдырын басқа арнаға бұрды. Осы обада бес үйлі жаннан аман қалған Қағазды жолықтырды. Екі мұңдас – екі жаралы жүрек бір шаңырақ астында табысты. Жастық емес, тағдыр қосқан жұп еді бұл. Шаңырақта түтін қайта шықты. Өмір қайта жанданды.
Ұл туды. Басықара.Үзілген әулеттің жалғасы,өшкен ошақтың шырағы. Қуаныштың да сыналатын кезі бар екен. Қызынан айырылды. Тағы да жүрек жараланды. Бірақ Алпамыс бұл жолы а еңкеймеді. Тәубеден танбады. Тілек етуден жаңылмады.
Тағдыр тағы бір ұл сыйлады. Көбек. Кейін Байкөбек атанған, елге тірек болған ұл.
Оның ерлігі – үнсіз төзімде еді. Қасиеті – үмітті өшірмегенінде. Ұлылығы –тағдырдың өзіне қарсы емес, тағдыр арқылы адам болып қалуында еді. Осылайша бір адамның сабыры бір әулеттің жалғасына, бір әулеттің жалғасы бүгінгі ұрпаққа айналды.
Бір кеште Алпамыс баба үйдің төрінде жалғыз қалды. Сыртта жел уілдеп, түн ауыр тыныстап тұрғандай еді. Ол үнсіз ғана отыра қалып, қабырғаға сүйеулі тұрған бір тал ағашты қолына алды. Бұл ағаш әлі домбыраға айналмаса да, бірақ бабаның жүрегінде ол баяғыдан сөйлеп тұрғандай болатын. Ағашты ала салысымен, өткен өмірдің елестері көз алдына тізіліп өтті. Жұт жылдары, аштықтың ызғары, обадан үзілген үндер, жер қойнына тапсырылған жас перзенттердің бейнесі.
Баба балта мен шотты қолына алды. Әр соққысы ағашқа емес, жүрекке тигендей сезілді. Бірақ ол тоқтамады. Себебі бұл соққылар – ішке сыймаған шердің, айтылмай қалған сөздің сыртқа шығуы еді. Асыққан жоқ. Әр қимылын ойланып, әр бөлігін салмақпен жонып отырды. Ол өнер де, өмір де сабырды сүйетінін жақсы білетін.
Күнде рөтіп, домбыра да дайын болды. Ішек тағылған сәтте үй ішін терең тыныштық басты. Сол тыныштықтың ішінде баба домбыраны қолына алып, баяу ғана күй тарта бастады. Бірінші дыбыстан-ақ өткен күндер тіріліп кеткендей болды. Күйменбірге жұттың суығы сезілді, обаның зары естілгендей болды, жер астында қалған балалардың мұңы бір әуенге айналып төгілді.
Алпамыс баба жыламады. Беті де, даусы да өзгермеді. Бірақ домбыра жылады. Ол тартқан күй ер адамның көз жасынан да ауыр, одан да терең мұңды жеткізді. Бұл – сабырмен тізгінделген қасіреттің, үнсіз төзімнің үні еді.
Күй аяқталғанда, баба домбыраны үнсіз ғана қасына қойды. Сол сәтте ол өз қайғысын өнерге айналдырып, оны болашаққа аманат еткенін іштей сезді. Бұл бір кештің оқиғасы болса да, сол кештен бастап домбыра Алпамыс бабаның ғана емес, тұтас бір тағдырдың үнін сақтап қалған еді.
Алпамыс баба ешқашан өзін әулиемін деп атаған емес. Бірақ әулиелік оның ниетінен, ісінен, адамға деген адалдығынан өзінен-өзі танылды. Оның ұлылығы тек бата беруінде емес, қолын бос ұстауында, тәуелсіз қалуында, ар мен ұятты ешбір мөрге айырбастамауында еді. Ол заманнан биік тұрған адам емес, заманның ішінде жүріп, адам болып қала алған сирек тұлға болатын.
Өмірінде ол әр адамға бірдей қарады. Алдына зарлап келген де болды, күмәнмен барлап келген де болды. Бірі сенді, бірі сенбеді. Бірақ әрқайсысы өз шындығын алып қайтты. Бірі шипа тапты, бірі бағыт-бағдар алды, бірі тағдырын өзгертті. Оның емін көргендердің ішінде шәкірт болып қалғандар да аз емес. Олар бабадан тек емшілікті емес, адамдықты, сабыр мен қанағатты үйренді. Бірі елге танылған емшіге айналса, бірі өз отбасына ғана шипа болумен шектелді. Бірақ бәрі де Алпамыс бабаның атын құрметпен атады.
Өкіл бала, өкіл қыз атанған жандар оның өмірінде ерекше орын алды. Бала сүйе алмағандарға үміт отын жақты. Кейбірі жылдар бойы оның шаңырағында тәрбиеленіп, мінезін бойына сіңірді. Олар үшін Алпамыс баба – тек емші емес, әке орнына әке болды.
Қартайған шағында да баба заман ағымын терең түсінді. Балаларына ескі жолмен шектелмей, жаңа білімге ұмтылуды, өнер мен ғылымды қатар ұстауды, тіл үйреніп, еңбекке бейім болуды өсиет етті. Бұл – оның болашақты ойлаған кемел парасатының айғағы еді.
Алпамыс баба дүние салғаннан кейін де оның аты ел жадынан өшкен жоқ. Шипасын көргендер, батасын алғандар, тәлімін көргендер сол адамгершілік жолды жалғастырып келеді. Оның айтқан нақылдары, қарапайым да терең өмірлік кеңестері әлі күнге дейін мәнін жойған жоқ. «Берсең қолың үстінде болар, алсаң қолың астында қалар» деген сөзі – бүкіл өмірінің айнасы іспетті.
Бүгінде Алпамыс бабаның ұрпағы ел ішінде өсіп-өніп отыр. Олар өзгеден ерекшеленемін деп ұмтылмайды, бірақ өмірге жауапкершілікпен қарайды. Білім қуғаны да, еңбекке араласқаны да, кәсіп жолын таңдағаны да бар. Бірақ бәрінің ұстанымы бір: адалеңбек, таза жол, адам болып қалу.
Алпамыс баба – бір әулеттің ғанаемес, тұтасбірелдіңруханижадындақалғантұлға. Оныңғұмырыбізгебіршындықтыұқтырады. Адам өмірі жылмен емес, қалдырған ізімен өлшенеді. Ал бабаның ізі – сабыр, парасат, рухани тазалық пен тағдырға мойымай, өмірді қадірлей білу. Осы қасиеттері арқылы Алпамыс баба бүгінгі ұрпақ үшін өнеге, ертеңгі күн үшін де рухани тірек болып қала береді.
Венера САУЯЕВА
Фото: Жасанды интеллект














