Ерлігі аңыз, саңлақ сардар
Дархан даланың төсінде тұяғы тасты уатқан тұлпарды тақымдап, ұлтының азаттығы үшін отқа түскен асыл ерлер аз емес. Солардың бірі де бірегейі – даңқы алты Алашқа мәлім, есімі ғасырдан-ғасырға жалғасып, бүгінгі буынның ұранына айналған, ерлігі аңыз саңлақ сардар – Жанқожа Нұрмұхаммедұлының есімін Қазалы жұрты мақтан етеді.
Қойнауы құтты, тарихы тағылымды Қазалы жерінде биылғы жыл – ұлы тұлғаның ұлылығын ұлықтап, күллі қазақ жұртының тарих тереңіне бойлар жыл болды.
Өйткені, қасиетті өлке – Қазалы төрінде ұлт-азаттық көтерілісің көсемі, батыр әрі әулие бабамыз Жанқожа Нұрмұхаммедұлының 250 жылдығы тойлануда.
Баба рухын аспандатқан елдің мерейі әркез асқақ болмақ.Рухани өрлеу, еліміздің бостандығы үшін күрескен батырларымызды қастерлеуден көрінеді. Болашақ ұрпаққа өткенді айтып санасына сіңдіру бүгінгі күннің талабы екені даусыз. Кейінгі жас буын жалпақ жұртты аузына қаратқан, төңірегіндегі жұртқа әділдігімен және батырлығымен танылған бабамызды ұмытпай, оның есімі мен ерлік істерінөнеге тұтып, баба есімін жадында сақтап, ерлігін дәріптеп өсуі керек.
Сондықтан барша қазалылықтарға батыр бабамыздың мерейлі тойы құттыболсын демекпін. Жауа шапқанда елге пана болған, елдің ынтымағы мен бірлігі, тыныштығы жолына бүкіл өмірін арнаған баба рухы шат болғай!
Мұрат ЕРГЕШБАЕВ,
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты