Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үкімет Қазақстан Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті

Үкімет Қазақстан Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті


Конституция мәтіні мүгедектерге арналған бейімделген форматта қолжетімді болады.
Қазақстанда Конституцияны түсіндіру және халыққа жеткізу бойынша ауқымды іс-шаралар жоспары қабылданды. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Құжатқа сәйкес, елде үш негізгі бағыт бойынша 36 іс-шара өткізіледі. Ұйымдастырушылық іс-шаралар аясында Конституция мәтіні басылып шығарылады, оның ішінде мүгедектігі бар азаматтар үшін бейімделген форматта дайындалады. Сонымен қатар Конституция электронды платформаларда қолжетімді болады.

Ғылыми-сараптамалық қамтамасыз ету, ақпараттық-көрнекі безендіру, тақырыптық материалдар шығару, көрме және ағартушылық жобаларын жүзеге асыру да жоспарға енгізілген.

Үкімет хабарламасында атап өтілгендей, халықтың құқықтық мәдениеті мен құқықтық сауаттылығын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Оқыту семинарлары мен білім беру іс-шаралары өткізіліп, мектеп пен жоғары оқу орындары бағдарламалары жаңартылады. Сондай-ақ "Құқық негіздері" және "Заң мен тәртіп" курстары, әдістемелік материалдар мен балалар басылымдары әзірленеді.

informburo.kz
07 сәуір 2026 ж. 34 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930