Zeekr жүргізушісі қамауға алынды
Алматы қаласында әл-Фараби даңғылындағы жол апатына күдікті деп танылған Zeekr автокөлігінің жүргізушісі қамауға алынды.
Оқиғаға қатысты қалалық полиция департаменті ресми мәлімдеме жасады. Ведомствоның мәліметінше, күдікті сот санкциясымен қамауға алынған.
"Бұған дейін ол медициналық мекемеде айдауыл күзетімен болған. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына этапталып, қылмыстық іс аясында қамауда ұсталып отыр", – делінген хабарламада.
Құқық қорғау органдары істің барлық мән-жайын анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Еске салайық, 21 наурызға қараған түні Алматыдағы әл-Фараби даңғылында жол апаты болды. Zeekr көлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Mercedes-Benz автокөлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан үш адам қаза болды.














