Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көшет егу – көшелі іс

Көшет егу – көшелі іс

Бала күнімізден «Жанқожа батыр әулие баба болған. Атын көп атай беру дұрыс емес. «Баба» немесе «батыр ата» деу керек» деген қазақы тәрбиені бойымызға сіңіріп өстік.
Батыр бабаның кент орталығындағы кесенесіне жиі барып тұрамын. Әр барған сайын киелі мекеннің қасиетінен тылсым сыр ұққандай, баба рухымен іштей тілдескендей, бойыңа ерекше күш-қуат құйылғандай сезімге бөленесің.
«Ойды ой қозғайды». Кесенедегі күтімі келісіп, желегі жайқалған тал-теректі көрген сайын «осынау қасиетті мекенге жеміс ағаштарын неге отырғызбасқа?!» деген сауал мені жиі мазалаушы еді. Ақыры бір шешімге келдім. Өзім жақсы құрметтейтін азамат інім Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекция басшысы Марат Нұрмағанбетке қоңырау шалып, мән-жайды айтып, өтініш жасадым. Марат Жалпақбайұлы тілге келмеді.
Көп ұзамай «Бабаға құрмет – ұрпаққа міндет» қағидасын тұтынған Мараттың облыс орталығынан салған жеміс ағаштары яғни шие, сары өрік, қара өрік, алма, жүзім көшеттерін «Алпамыс» балабақшасының меңгерушісі Эльмира Жалпақбайқызы мен Ерталап Ниязымбет бауырым кесенеге жеткізіп беріп, қаржылай демеушілік көрсетті.
Оразаның алғашқы күні Жанқожа баба кесенесінде игілікті жұмыс істелді. Қазалы ауданы әкімі Мұхтар Оразбаев, Қазалы ауданы бойынша «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев, аудан әкімінің орынбасарлары Күнтілес Назымбеков, Дәурен Тілеумбетов, мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап, облыстық мәслихат депутаттары Ібайдулла Тілеп, Мнажадин Өтеев, кент әкімі Қайрақбай Орынбасаров, Қазалының Құрметті азаматтары Қасқырбай Әлімбай, Қасқырбек Мәмбетжан бастаған өзге де азаматтар кесене аумағына Марат Жалпақбайұлы жіберген жеміс ағаштарын егіп, сауапты іс жасады.
Осы ретте Әйтеке би кентінің әкімі Қайрақбай Орынбасаров пен аудан әкімдігі аппаратының да еңбегі өлшеусіз екенін айта кеткен жөн.
Қайрақбай Жақсыбайұлы басқаратын кент әкімдігінің ұжымы жеміс ағаштары егілетін шұқырларды дайындап, су таситын арнайы автөкөлікпен қамтып, ұйымдастыру жұмысына белсенділік танытты.
«Ағаш егу» акциясы алдында сенбілікке қатысушылар баба кесенесінде әулие рухына тағзым жасады. Кесене шырақшысы, Жанқожа бабамыздың тікелей ұрпағы Дәурен Әбдіхалық әулие аруағына құран бағыштап, Қазалы ауданының Құрметті азаматы Қасқырбай Әлімбай жиналғандарға бата берді.
Қазалы ауданы әкімі Мұхтар Оразбаев осындай тағлымды жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатынын, туған өлкені түлету баршаға ортақ екендігін атап өтті.

Жұмабек ТАБЫНБАЕВ
05 сәуір 2022 ж. 515 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 75

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930