Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аумақтық коалиция жаңа Конституция жобасын теміржолшыларға түсіндірді

Аумақтық коалиция жаңа Конституция жобасын теміржолшыларға түсіндірді

Бүгін аумақтық коалиция өкілдері Қазалы пайдалану вагон депосының еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында жаңа Конституция жобасында еңбек адамдарының құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін күшейтуге бағытталған негізгі өзгерістер жан-жақты түсіндірілді. Әсіресе жұмыс орындарындағы қауіпсіздік талаптарын жетілдіру және адал еңбекке құрметті арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Коалиция жетекшісі Ғазиз Әліш жаңа Конституцияда еңбек құқығы қоғамның негізгі құндылықтарының бірі ретінде айқындалып, ал жұмысшылардың әлеуметтік қорғалуы мемлекеттің тікелей міндеті ретінде заңдық деңгейде бекітілгенін атап өтті.

«Жаңа Конституция еңбекті құқық әрі негізгі құндылық ретінде бекітіп, жұмысшылардың әлеуметтік қорғалуын мемлекеттің міндеті деп айқындайды. Ата Заңның 27 және 31-баптарына сәйкес әр азамат еңбек етуге, кәсібі мен мамандығын еркін таңдауға құқылы. Бұл нормалар еңбектің еріктілік қағидатын нығайтып, мәжбүрлі еңбекке жол бермейді.
Сонымен қатар қауіпсіз әрі гигиеналық талаптарға сай еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге кепілдік беріледі. Бұл жұмыс берушілер мен мемлекетке еңбек қауіпсіздігін сақтау, өндірістік жарақаттардың алдын алу және жұмысшылардың денсаулығын қорғау міндетін жүктейді. Конституция кемсітушіліксіз еңбек үшін тең ақы төлеу қағидатын бекітіп, еңбек құқықтарын қорғаудың берік құқықтық негізін қалыптастырады», – деді ол.
Кездесу барысында коалицияның басқа да мүшелері жаңа Конституцияда бірлік пен ынтымақты нығайту, этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау, еліміздің аумақтық тұтастығын өзгеріссіз қалдыру мәселелерінің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ Әділеттілік, Заң мен тәртіп, табиғатқа жауапкершілікпен қарау қағидаттарының алғаш рет бекітілуі, білім, ғылым, мәдениет, инновациялар мен цифрландырудың ел дамуы үшін өзектілігі атап өтілді.

Кездесуге қатысқан теміржолшылар толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
18 ақпан 2026 ж. 45 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728