Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жарты жылдан астам уақыт бос тұрған қызмет орындары қысқарады

Жарты жылдан астам уақыт бос тұрған қызмет орындары қысқарады

Фото: pixabay.com
Ұлттық экономика министрлігі жаңа ереже бекітті.
Ұлттық экономика министрлігі өзіне қарасты ұйымдар үшін жаңа ережелерді бекітті. Енді алты айдан аса уақыт бойы бос тұрған қызмет орындары қысқартылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Штат бірліктерімен бірге еңбекақы қоры да азаяды. Бұл бюджет қаржысын тиімдірек пайдалануға мүмкіндік береді.

Қысқартуға ілікпейтіндер
Жаңа талаптарда бірқатар ерекшелік қарастырылған.
Қысқартуға түспейтіндер:
ұйымдардың бірінші басшылары;
маусымдық жұмысшылар
тар бейінді мамандар мен сирек, бірегей кәсіп иелері (мысалы, ядролық физика саласының сарапшылары немесе сирек инженерлік жабдықтармен жұмыс істейтін мамандар), онсыз мекеме қызмет ете алмайтын тұлғалар;
заң бойынша қызмет орны сақталуға тиіс лауазымдар (мысалы, декреттік демалыста немесе уақытша еңбекке жарамсыздықта отырған қызметкерлердің орындары).
Егер ұйым ішінде жай тұрған бос орындар анықталса, атқарушы орган нақтылау енгізілген даму жоспарын дайындауға міндетті. Бұл құжатта қандай өзгерістер жасалатыны, қанша орын қысқартылатыны және жалақы қорынан қанша қаражат үнемделетіні көрсетілуі керек. Мұндай жаңартылған жоспарлар жылына екі рет – 25 маусымнан кешіктірмей және 25 желтоқсанға дейін бекітіледі.

Сонымен қатар министрлік есеп беру талаптарын да күшейтті. Енді мемлекеттік сектор ұйымдары кадрлардың жағдайы туралы мәліметтерді толық көрсетуге және нақты қандай штат бірліктері қысқартылып жатқанын ашық жазуға міндетті.

Бұл шаралар кадрларды басқару жүйесін барынша ашық етуге, тәртіпті күшейтуге және нақты жоқ жұмыс орындарын қаржыландыруға бюджет ақшасын ысырап етпеуге бағытталған.
18 ақпан 2026 ж. 41 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728