Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде декретке шығатын ер адамдар көбейген

Елімізде декретке шығатын ер адамдар көбейген

Жұмыс істейтін анасына немесе әкесіне 1,5 жасқа дейін бала күтіміне қордан әлеуметтік төлем жүргізіледі.
Фото: PixabayФото: Pixabay
Былтыр елімізде 277 мың адам бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем алса, соның 500-ге жуығы — ер адам, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 
"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ мәліметінше, декреттік демалыста отырған ерлердің үлесі Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облысында жоғары.
Мәселен Павлодарда әлеуметтік төлем 2023 жылы 7 865 адамға тағайындалған. Соның 40-ы — ер адам. Өткен жылы 7825 әйел өмірге нәресте әкелсе, бала күтімімен 33 әке үйде отырған.
СҚО-да бала туу көрсеткіші екі жылдан бері бірқалыпты, шамамен 4,5 мың нәресте дүниеге келген.
Алайда 2023 жылы 10 ер адам, былтыр 18 ер адам декреттік демалысқа шыққан. Үлесі — 0,5%. 
Бұдан кейін 0,3% көрсеткішпен Алматы, Астана қалалары және Жамбыл облысы келеді.
Қызылорда мен Батыс Қазақстан облыстарында бала күтімімен үйде отыратын ерлердің саны өте аз.
Қызылордада былтыр шамамен 14,7 мың әйел босанған, екі жағдайда ғана бала күтіміне байланысты ер адамдар үйде отырған. 
Бала туу көрсеткіші бойынша алда тұрған Түркістан облысында былтыр 37 мың сәби дүниеге келіп, 29 ер адам декреттік демалысқа шықты. 
Жалпы былтыр қор бала күтіміне байланысты кірісінен айырылғандарға 404,1 млрд теңге әлеуметтік төлем жасаған. 
Мамандардың айтуынша, қазір бала туғаннан кейін баланың ата-анасының біреуі біржолғы әлеуметтік мемлекеттік жәрдемақы ала алады. Бірінші-үшінші балаға — 38 АЕК, төртінші баладан кейін 63 АЕК мөлшерінде төлем жасалады. 
Жұмыс істейтін анасына немесе әкесіне 1,5 жасқа дейін бала күтіміне қордан әлеуметтік төлем жүргізіледі.
Бірінші балаға — 5,76 АЕК, екінші балаға — 6,81 АЕК, үшінші балаға — 7,85 АЕК, төртінші баладан бастап 8,9 АЕК мөлшерінде төленеді. 

27 ақпан 2025 ж. 301 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 165

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 128

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 115

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 122

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 114

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031