Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзбекстанда жасанды интеллекті енгізу нәтижесінде екі мыңнан астам шенеунік қысқартылады

Өзбекстанда жасанды интеллекті енгізу нәтижесінде екі мыңнан астам шенеунік қысқартылады

жасанды интеллектФото: istockphoto.com

Өзбекстанда жасанды интеллектті енгізу нәтижесінде 1 қарашаға дейін 2 мыңнан астам шенеунік қысқартылады. Ел президенті Шавкат Мирзиёевтің тиісті жарлығы ұлттық заңнама базасында жарияланды.Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Құжат "Мемлекеттік атқарушы билік органдарының басқарушылық лауазымдары санын цифрландыруды кеңінен енгізу есебінен оңтайландыру шаралары туралы" деп аталады. Осыған сәйкес, атқарушы билік жүйесінде 2141 штат бірлігі қысқартылады.
Ең көп қысқарту Мемлекеттік салық комитеті – 498 бірлік; Су шаруашылығы министрлігі – 224 бірлік; Ауыл шаруашылығы министрлігі – 200 бірлік; Жұмыспен қамту және кедейлікті қысқарту министрлігінде – 163 бірлікті құрайды.
Сонымен қатар, Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігінде – 176, ал Әділет министрлігінде – 197 қызметтік орын қысқарады.
Жарлықта көрсетілгендей, қысқартуға түскен қызметкерлерді жұмыспен қамту мәселесімен Жұмыспен қамту министрлігі мен Өзбекстан кәсіподақтар федерациясы бірлесіп айналысады.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылдың 8 қыркүйегіндегі халыққа Жолдауында үкіметке жасанды интеллект министрлігін құруды тапсырған еді. 18 қыркүйекте Қазақстанда Жасанды интеллект министрлігі құрылды. Сондай-ақ Қазақстанда Президент тарпсырмасына сәйкес Жасанды интеллект университеті құрылады.
 
10 қазан 2025 ж. 292 0

Қазақстанда күн жылынады

18 наурыз 2026 ж. 101

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031