Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елде қандай қызмет үшін ең жоғары жалақы төленетіні жарияланды

Елде қандай қызмет үшін ең жоғары жалақы төленетіні жарияланды

Биыл Қазақстандағы ұйымдар басшыларының орташа айлық жалақысының мөлшері жылына 518,3 мың теңге болды.

Бұл ретте, экономика салалары бойынша айтарлықтай айырмашылық байқалады. Мысалы, қонақүй және тамақтану бойынша қызмет көрсететін салалардағы ұйымдардың жетекшілері барлығынан жоғары табыс табады – 1,8 миллион теңге. Жоғары жалақысы бойынша ТОП-үштікке енгендердің ішінде тау-кен өндірісі кәсіпорындарының (1,3 миллион теңге), сондай-ақ, қаржылық және сақтандыру қызметінің (1,1 миллион теңге) басшылары бар. Ең төменгі жалақыны әлеуметтік маңызы бар кәсіпорындардың жетекшілері алады. Олар –мемлекеттік басқару, қорғаныс және міндетті әлеуметтік қамсыздандыру кәсіпорындарының (271,8 мың теңге), сондай-ақ, денсаулық сақтау (280,3 мың теңге) және білім беру (323,6 мың теңге) салаларындағы кәсіпорындардың басшылары. Аймақтардағы ұйымдардың басшылары алатын ең жоғары орташа айлық жалақы Атырау облысында (876,6 мың теңге), сондай-ақ Алматы (805,6 мың теңге) мен Нұр-Сұлтанда (638,6 мың теңге) тіркелді. Ең төменгі еңбекақыны Жамбыл (265 мың теңге), Солтүстік Қазақстан (280,2 мың теңге) және Қостанай (316,9 мың теңге) облыстарындағы кәсіпорындардың басшылары алады. Осы жылдың жазында еңбек нарығына жүргізілген зерттеу нәтижесі бойынша, Қазақстан бойынша қызметкерлерге есептелген жалақы мөлшері белгілі болды.
Еліміздегі барлық жұмысшының алған орташа айлық жалақысы келесідей:
45 мың теңгеге дейін — жұмысшылардың 1,8%-і;
45 мыңнан 105 мың теңгеге дейін — 30,8%;
105 мыңнан 210 мың теңгеге дейін – 39,2%;
210 мыңнан 300 мың теңгеге дейін — 14,2%;
300 мыңнан 420 мың теңгеге дейін — 7,2%;
420 мыңнан 600 мың теңгеге дейін — 3,6%;
600 мыңнан 750 мың теңгеге дейін — 1,2%;
750 мыңнан 900 мың теңгеге дейін — 0,6%;
900 мың теңгеден жоғары — жұмысшылардың 1,4%-і.
Басшылар мен мемлекеттік қызметкерлердің орташа айлық жалақы мөлшері шамамен 354,5 мың теңгені құрайды. Өз кезегінде, кәсіби мамандар орташа есеппен 214,8 мың теңге, ал техника саласының қызметкерлері мен басқа да көмекші кәсіби мамандар 165,2 мың теңге мөлшерінде еңбекақы алады. Сонымен қатар, біліктілігі жоқ жұмысшылардың орташа айлық жалақысы 83,7 мың теңгені құрады.

28 қазан 2020 ж. 579 0

Ротация туралы не білеміз?

03 желтоқсан 2024 ж. 54

Ерекше жандар ескерілді

03 желтоқсан 2024 ж. 82

Тәуелсіздікті ту етемін

02 желтоқсан 2024 ж. 83

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031