Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Халық тілегі орындалса екен

Халық тілегі орындалса екен

Кент орталығы жылдан жылға ажарланып, көркейіп келе жатқаны баршамызға аян. Көше жиегі жасыл желекпен көмкеріліп, тұрғындардың демалуына арналған орындықтар, балалар ойнайтын алаңмен жабдықталған. Дегенмен кейбір халық қарасы көп шоғырланатын қызмет көрсету орындары мен мекемелерде адамдарға қолайлы жағдай қарастырылмаған.
Атап айтар болсақ, тұрғындардың қарасы үзілмейтін Халық банкі мекемесінде де осындай олқылықтар көрініс тауып тұр. Әр айдың 8-10 аралығында мекеме алдында адамдардың қарасы көп болады. Өйткені бұл кезеңде жалақы, зейнетақы беріледі. Кезекте тұрған адамдар ұзақ уақыт бойы аяқтан тік тұрып, күтуге мәжбүр. Осындай да аяқ суытып, демалып отыратын орындардың жоқтығына қапаланасың. Жастар жағын қойшы, әсіресе егде жастағы еңкейген қарттарымызға кезегі келгенше күту қиын-ақ.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келсек, тиісті орындар, қала берді кәсіпкерлер азаматтар банк алдына адам отыруға арналған орындықтар орнатса нұр үстіне нұр болар еді. Көпшіліктің көкейінде жүрген тілегін аудандық «Қазалы» газетінде жариялауды құп көрдім. Халық тілегін тиісті орындар назарға алады деп сенемін.

Әнуар ӘБДІМҰРАТҰЛЫ,
Әйтеке би кенті
04 қазан 2022 ж. 292 0

Өнерге толы шаңырақ

15 тамыз 2026 ж. 27

Абай күні аталып өтті

15 тамыз 2026 ж. 20

Аналар алқа тағынып...

15 тамыз 2026 ж. 21

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31