Бірлескен жұмыс – халық игілігі үшін
Бүгін «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай Қазалы ауданына жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында ол алдымен аудан әкімі Алмасбек Есмахановпен кездесті. Кездесуге жауапты сала басшылары да қатысты.Кездесу барысында аудан басшысы ауданға жасаған жұмыс сапарына сәттілік тілеп, партиямен тұрақты әрі жүйелі байланыс орнатылғанын, бірлескен жұмыстың нақты нәтиже беріп жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасының Қазалы ауданында сапалы жүзеге асуы партия, аудан әкімдігі және мәслихаттағы партия фракциясының бір мақсатта жұмылған үйлесімді жұмысының айқын көрінісі екенін айтты.
Өз кезегінде Жандос Базартай өзара ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталып, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағытына қатысты оң пікірін білдірді. Ауданның соңғы жылдардағы жетістіктеріне назар аударып, табысты іске асырылып жатқан партияның «Ауыл аманаты», «Жер аманаты», «Қарызсыз қоғам» жобалары мен бастамаларына тоқталды. Бірлескен жұмыстардың алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенім білдірді.
#AMANAT














