Фракция мүшесі партия алаңында БАҚ өкілімен кездесті

Бүгін аудандық партия филиалының мәжіліс залында аудандық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Арғын Орымбаев бұқаралық ақпарат құралының өкілімен кездесіп, атқарған жұмыстарымен бөлісті.
Халық қалаулысы партия атынан сайланған депутаттар үшін ең маңызды міндеттердің бірі – партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуын қамтамасыз ету екенін атап өтті. Ол ең алдымен осы бағдарламаның іске асырылу барысына тоқталды.
«Сайлауалды бағдарламасы іске асыру аясындағы аймақтық Жол карта бес негізгі бағыттан тұрады және ауданымыз бойынша нақты іс-шаралар жоспарланған. Қазіргі таңда облыстық және аудандық мәслихаттағы партия депутаттары бұл тармақтардың жүзеге асырылуына, қаржыландыру жұмыстарына ықпал етіп, тұрақты бақылау жүргізуде. Соның нәтижесінде бірқатар маңызды жобалар жүзеге асты. Шалғайдағы Кәукей ауылында 100 орындық ауылдық клуб ел игілігіне берілді. Абай ауылы өткен жылы газбен қамтылса, биыл Ақтан батыр ауылы Наурыз мерекесі қарсаңында көгілдір отынға қосылды. Жанқожа батыр ауылындағы апатты жағдайдағы мектептің мәселесі шешіліп, 300 орындық «Жайлы мектеп» қолданысқа берілді. Сонымен қатар, «Ауыл аманаты», «Қарызсыз қоғам» секілді партиялық жобалар халық игілігі үшін жұмыс істеуде. Мұнан бөлек, өнеркәсіп пен кәсіпкерлікті дамыту, инфрақұрылымды жақсарту, білім беру, денсаулық сақтау және спорттың қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ әлеуметтік санаттағы азаматтар мен жастарды қолдау бағытында да маңызды жұмыстар атқарылуда», - деді Арғын Қайырбайұлы.
Ол өзінің сайлауалды бағдарламасының орындалуы және сайлау округі бойынша атқарылған жұмыстарға да тоқталып, партия алаңындағы қоғамдық қабылдаулар барысында оң шешімін тапқан мәселелер жөнінде баяндады.
Кездесу барысында «Қазалы» газетінің тілшісі Арайлым Жүсіпова бірқатар сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
#AMANAT