Ауылдың әл-ауқатын көтеру – "Ауыл аманатының" басты миссиясы
Бүгін «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы алаңында Астана қаласында «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен өткен ауыл әкімдерінің диалог-платформасының нәтижелеріне арналған баспасөз конференциясы өтті.Оған «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай, Қызылорда қаласына қарасты Қызылжарма ауылдық округінің әкімі Шәріп Әбдірахманов, сондай-ақ Сырдария ауданы Нағи Ілиясов ауылдық округінің әкімі Сағдат Нұрмағанбетов қатысты.
Партияның облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай диалог-платформаның мазмұны мен негізгі бағыттары, талқыланған мәселелер мен қабылданған шешімдер туралы ақпарат берді.
«Әкімдер мектебі» жобасы Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында, оның облыстардағы және республикалық маңызы бар қалалардағы филиалдары арқылы іске асырылды. Бұл оқу курстарына өңірдегі 146 барлық ауылдық округтері қатысып білімін жетілдірді. Оқыту экономика, мемлекеттік басқару, бюджеттік жоспарлау, коммуналдық меншікті басқару, цифрландыру, тәуекел-менеджмент, кәсіпкерлікті дамыту және инвестициялар тарту саласында 17 модуль мен 240 академиялық сағатты қамтыды. Бүгінде ауыл әкімдері ауыл халқының табысын арттыру бағытында алған білімін қолдануда деп толық есептейміз»,-деді Жандос Нұртайұлы.
Төраға Президент айтқан әкімдердің өкілеттігімен қатар жауапкершілігін күшейту мәселесі бағытында партия тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті.
«Мемлекет басшысы Үкімет әкімдердің сайлау алдындағы бағдарламасының экономикалық бөлігіне қойылатын талаптарды айқындауыды тапсырды. Яғни, әкімдердің сайлауалды бағдарламалары аймақтың даму жоспарымен үйлесім табу керегін айтты. Бұл өз кезегінде әкімдердің есептілігін күшейтеді және әкімдік қызметке өз үміткерлерін ұсынған партиялардың жауапкершілігін арттырады деді. Осы жерде атап өту керек, өңірімізде 146 ауылдық округ және 3 аудан әкімі «AMANAT» партиясынан сайланған. Олардың сайлауалды бағдарламалары партияның өңірлік сайлауалды бағдарламасымен үйлесімін тауып отырса, партияның облыстық сайлауалды бағдарламасы аймақтың даму жоспарына сай, (қала аудандарда дәл солай) және сайлау алдында халықтың талап - тілегі негізінде дайындалып жүзеге асырылып келеді.
Сонымен қатар «AMANAT» партиясы атынан ұсынылып, сайланған әкімдердің сайлауалды бағдарламасының орындалуына партиялық бақылау жасалып, олардың есебі тыңдалып тұрады», - деді Жандос Базартай.
Сонымен қатар «AMANAT» партиясы атынан ұсынылып, сайланған әкімдердің сайлауалды бағдарламасының орындалуына партиялық бақылау жасалып, олардың есебі тыңдалып тұрады», - деді Жандос Базартай.Ел Президенті ауылда ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытудың ерекшелігіне тоқталып, бұл жұмысты белсенді түрде қолға алу қажет екенін жеткізді. Ауылды дамыту үшін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының әлеуетін кеңінен пайдалану керегін айтты. Осы тұста ауылдағы ағайынның табысын арттыруға бағытталған «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы өз кәсібін дамытқысы келетін ауыл тұрғындарына мол мүмкіндік. 2029 жылға дейін осы бағдарламаға 600 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінбек. «Ауыл аманаты» жобасы кәсіп бастаймын деген азаматтарға үлкен қолдау. Жоба аясында елімізде екі жылдың ішінде 20 мыңға жуық жұмыс орны ашылса, оның 2 мыңға жуығы біздің өңірде. Алда қаржының қажетті жобаға бөлінуі мен мақсатты игерілуін қамтамасыз ету міндеті тұр. Бұған жоба авторы ретінде «AMANAT» партиясы да бақылау жүргізетін болады.
Баспасөз конференциясы барысында спикерлер Мемлекет басшысының төртінші деңгейлі бюджеттің дербестігін арттыру бағытында айтқан ұсынысын қолдап, өз округтерінде жүзеге асырылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттер жөнінде баяндады.
Мәселен, Қызылжарма ауылдық округінің әкімі Шәріп Әбдірахманов, ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, цифрлық қызметтерді енгізу бағытындағы жоспарлармен бөліссе, Н.Ілиясов ауылдық округінің әкімі Сағдат Нұрмағанбетов Президенттің «Салықты жұмыс істейтін және табыс табатын жерде төле» қағидаты барлық ауыл әкімдері үшін ауылдың инфрақұрылымын жақсартуға немесе өзгеде мәселелерін шешуіне үлкен қолдау екенін жеткізді.
Спикерлер БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап беріп, Астанада өткен диалог-платформада ұсынылған тәсілдер мен шешімдерді жергілікті жерде жүзеге асыруға дайын екенін айтты. Партия филиалы партия атынан сайланған әкімдерге консультативтік-әдістемелік қолдау көрсетіп, бастамалардың орындалуына ықпал етпек.














