Қазалыда спорт кешені мен ауылдық клуб пайдалануға берілді
2024 жылы Қазалы ауданында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 3 спорт кешені және 1 ауылдық клуб құрылыс жұмыстары басталған болатын. Олар құны 628,7 миллион теңге болатын Әйтеке би кентінденгі «Жеңіс» саябағынан спорт кешені, 429 млн. миллион теңге болып белгіленген Бекарыстан би ауылынан спорт кешені, Қожабақы ауылынан спорт кешені. Құны – 537,1 миллион теңге. Бұл қатарда 399,1 миллион теңгелік Майдакөл ауылынан 100 орындық клуб та бар.2025 жылдың желтоқсан айында Майдакөл ауылындағы 100 орындық ауылдық клуб пайдалануға берілсе, осы жылдың қаңтар айында аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының қатысуымен Бекарыстан би ауылындағы спорт кешені пайдалануға берілді.
Бұдан бөлек бүгінде Әйтеке би кенті мен Қожабақы ауылында заманауи үлгіге сай спорт кешендерінің құрылысы қарқынды жүруде. Бұл нысандарда жыл соңына дейін толықтай аяқталып, ел игілігне пайдалануға берілмек.














