Тұрғындарды электр энергиясымен қамту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда
Бүгінде Қазалы ауданында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қолдауымен тұрғындарды электр энергиясымен қамту бағытында бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асуда.2025 жылға Қазалы қаласының электр желілерін толық жаңғырту жұмыстарына (2024 жылы 111,4 млн. тг,) 336,7 млн. теңге бөлініп жұмыстар жүргізілуде (Жоба құны 580,0 млн. теңге).
2026 жылға облыстық бюджетті нақтылау барысында аталған нысанның жұмысын жалғастыруға 132,0 млн. теңге бөлінді.
«Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында 442,8 млн. теңгеге Қожабақы ауылының электр желілеріне қайта жаңғырту жұмыстары толық атқарылды.
2025 жылы Ү.Түктібаев ауылының электр желілерін жөндеуден өткізуге бюджеттік кредиттен 218,5 млн. теңге (Жоба құны 242,8 млн. теңге) бөлініп, жұмыстары жүргізілуде.
Электр желілерінің тозу деңгейі 2024 жылы 69 пайызға төмендесе, 2025 жылы 68 пайызға төмендеп отыр.
Сондай-ақ «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында Қазалы қаласы мен Әйтеке би кентінің аралығында орналасқан нысандар мен тұрғын үйлердің электр энергиясының тұтыну қуаттылығын арттыру мақсатында 2025 жылға қосалқы стансасының құрылысын бастауға республикалық бюджеттен 378,2 млн. теңге қаржы бөлінді.













