Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Энергетикалық әлеует артуда

Энергетикалық әлеует артуда

Еліміз үшін энергетика саласы — стратегиялық маңызды. Тұрақты энергия көзінсіз мықты мемлекет құру мүмкін еместігін ескерткен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев электр жүйесін нығайту және жаңғырту міндеттеріне баса назар аударып отыр.
Қазіргі таңда мемлекет алдында электр тапшылығын еңсеру бағытында жаңа электр станцияларын салу, сыртқы тәуелділіктен арылып, табиғи ресурстар мен өндірістік әлеуетті тиімді пайдалану, апатты жағдайларды азайту, энергия жүйесін заманауи «таза көмір» технологиясына көшіру, баламалы энергия көздерін дамыту міндеті тұр.
Қазалы ауданында да халықтың өмір сүру сапасын арттырып, әлеуметтік және экономикалық дамуды қамтамасыз ететін маңызды салада оң серпін байқалады. Аудандағы электр энергиясы тұрғын үйлерді жарықтандыру, тұрмыстық техникаларды пайдалану, кәсіпкерлік саланың дамуы, байланыс пен ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуіне мүмкіндік беруде.
Тұрғындарды электрмен қамтамасыз ету жүйесі бойынша электр энергиясын өндіру, тасымалдау және тарату жолға қойылып, электр станцияларында өндірілген энергия жоғары кернеулі желілермен елді мекендерге жеткізіліп, трансформаторлар арқылы төмендетіліп, тұтынушыларға берілуде.
Жыл ішінде тұрғындарды электр энергиясымен қамту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылған.
Аудан әкімі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 2024 жылдан бастап, жүзеге асырылған қос жоба қажеттілікті өтеп қана қоймай, қауіпсізідікті қамтуда. 2025 жылы Қазалы қаласының электр желілерін толық жаңғырту жұмысы жалғасын тапқан. Жоба құны 579,2 миллион теңге тұратын жұмыстың екінші бөлігіне 336,7 миллион теңге бөлініп, жүргізілуде.
Ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту, шалғай аумақтардың әлеуметтік ортасын жаңғырту, оларды өңірлік стандартқа дейін жеткізу мақсатындағы мемлекеттік «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту, ондағы тұрғындардың әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жалпы жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бойынша бірқатар міндеттің шешімі табылды. Жоба аясында Қожабақы ауылының электр желілерін қайта жаңғырту жұмысын жалғастыруға 2024 жылы 50 миллион теңге бөлініп, игерілсе, 2025 жылы 392,8 миллион теңгенің жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді. Жоба құны 442,8 миллион теңге. Өткен жылы 318 миллион теңгеге Әйтеке би кентінің электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде, электр желілерінің тозу деңгейі 2024 жылы 69 процентке кемісе, 2025 жылы 68 пайызға төмендеуде.
Қазалы қаласы мен Әйтеке би кенті аралығында орналасқан нысандар мен тұрғын үйлердің электр энергиясының тұтыну қуаттылығын арттыру мақсатында 2025 жылға қосалқы стансасының құрылысын бастауға республикалық бюджеттен 378,2 миллион теңге қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Жоба құны 1 миллиард 417 миллион теңге тұратын нысан құрылысы 2026 жылы жалғаспақ.
Алтын ӘДІЛХАНҚЫЗЫ
23 желтоқсан 2025 ж. 93 0

Оңалтудың үйлесімді орталығы

23 желтоқсан 2025 ж. 114

Түнгі қонақ

23 желтоқсан 2025 ж. 123

Маңызды мәселелер қаралды

23 желтоқсан 2025 ж. 120

Жол түзелмей, ел түзелмейді

23 желтоқсан 2025 ж. 120

Тұрғындарға тиімді баға

23 желтоқсан 2025 ж. 116

Жаңа жылға – жаңа нысан

23 желтоқсан 2025 ж. 118

Ақсуатта бекет ашылды

23 желтоқсан 2025 ж. 124

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031