Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі спорт кешені мен ауылдық клуб құрылысының сапасын бақылады

Аудан әкімі спорт кешені мен ауылдық клуб құрылысының сапасын бақылады

Биыл Қазалы ауданында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Әйтеке би кенті, Бекарыстан би және Қожабақы ауылдарында 3 спорт кешені мен Майдакөл ауылында 100 орындық ауылдық клубтың құрылысы жүргізілуде.
Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Бекарыстан би ауылындағы салынып жатқан спорт кешені мен Майдакөл ауылындағы ауылдық клубтың құрылысын көріп, мердігерлермен кездесті.
Бүгінгі күнге дейін Бекарыстан би ауылындағы спорт кешенінің іргетасының колонналарына бетон құю жұмыстары, 10 кВ электр желісін және ауыз су желісін жүргізу жұмыстары жасалды. Қазіргі таңда темір қаңқалары тікейтіліп монтаждау жұмыстары жүргізіліп, құрылыс-монтаж жұмыстарының 40 пайызы орындалды. Спорт кешенінің құрылысымен мердігер мекеме «Жылу ХХІ» жауапкершілігі шектеулі серістестігі мекемесі айналысуда.
Ал, Майдакөл ауылындағы ауылдық клуб құрылысының бүгінгі күнге 90 пайызы аяқталды. Қазіргі таңда мердігер мекеме «Намыс-Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі нысан аумағын абаттандыру жұмыстарын жүргізуде.
Аудан басшысы құрылыс нысандарын аралау барысында спорт кешені мен ауылдық клубтың құрылысын мерзімінен кешіктірмей сапалы етіп аяқтауды және мердігер мекеме мен тиісті сала басшыларына құрылысын жұмыстарын күнделікті қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.
11 қараша 2025 ж. 168 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 162

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 113

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 120

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031