Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Депутаттық фракция отырысында негізгі жұмыс бағыттары нақтыланды

Депутаттық фракция отырысында негізгі жұмыс бағыттары нақтыланды

Қазалы аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті. Отырысқа фракция жетекшісі Нұрғиса Жалғасбаев төрағалық етті.
Жиын барысында депутаттық фракцияның 2025 жылы атқарған жұмыстарының есебі, алда тұрған міндеттері және фракция мүшелерінің жұмысын жандандыру мәселелері қаралды.

Есепті кезеңде фракцияның 7 отырысы өткізіліп, 10 мәселе қаралды. Атап айтқанда, партияның сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы, «Ауыл аманаты», «Дипломмен ауылға» жобаларының жүзеге асырылуы, сондай-ақ партиядан ұсынылып сайланған ауылдық округ әкімдерінің сайлауалды уәделерінің орындалуы талқыланды.

Қоғамдық қабылдау жұмыстары аясында фракция мүшелері 62 рет азаматтарды жеке қабылдап, 156 өтінішті қарады. Өтініштердің 72,4 пайызы оң шешімін тапты.

Отырысқа арнайы қатысқан аудандық партия филиалының төрағасы Ғазиз Әліш фракция мүшелеріне жұмысты жандандыру бағытында бірқатар ұсыныс-пікірлерін білдіріп, сайлауалды бағдарламаны іске асыру, депутаттық сауалдармен жұмыс, партиялық бақылау мен ақпараттық белсенділікті арттырудың маңыздылығына тоқталды.

Сондай-ақ жиында 2026 жылға арналған депутаттық фракцияның жұмыс жоспары бекітілді.

#AMANAT
29 қаңтар 2026 ж. 199 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031