Депутаттық фракция мүшелерінің жауапкершілігін арттыру мәселесі қаралды

Бүгін Қазалы аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Нұрғиса Жалғасбаевтың төрағалығымен фракцияның биылғы жылға алғашқы отырысы өтті. Оған арнайы аудандық партия филиалының төрағасы, аудандық мәслихаттың төрағасы Ғазиз Әліш қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселеге сәйкес фракция жетекшісі Нұрғиса Жалғасбаев 2024 жылға депутаттық фракция құрамының атқарған жұмыстары туралы хабарлама жасады. Сонымен қатар, халық қалаулыларының тиімді әрі жүйелі түрде жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін ұсыныстарымен бөлісті.
«Партия мәслихаттағы фракцияның және оның мүшелерінің жұмысын жандандыру әрі күшейтуге баса мән беруде. Бұл ретте әр партия депутаты жауапкершілікті арттырып, ол арқылы фракцияның үйлесімді жұмысын қамтамасыз етуі қажет. Сондай-ақ партияның сайлауалды бағдарламасын және оның бастамаларын жүзеге асырудағы фракцияның белсенділігін арттыруымыз керек», - деді Нұрғиса Жаппарбергенұлы.
Өз кезегінде партия филиалының төрағасы Ғазиз Әліш ұсыныс-пікірлердің орынды екендігін атап өтіп, жұмыс барысындағы белсенділігі төмен депутаттық фракция мүшелерімен нақты әрі тиімді шаралар қабылдау қажеттігін айтты.
Мұнан соң отырыста депутаттық фракцияның 2025 жылға арналған жұмыс жоспары қаралып, бекітілді.
#AMANAT