Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент жалпыхалықтық референдум өтетін уақытқа қатысты түсінік берді

Президент жалпыхалықтық референдум өтетін уақытқа қатысты түсінік берді

Фото: Мақсат Шағырбай/Kazinform
Жаңа Конституция қабылдаумен пара-пар қадам жасағалы тұрмыз. Бұл туралы Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, – деп хабарлайды KAZINFORM
— Жалпы, бастапқыда Парламенттік реформа аясында Ата заңның 40-қа жуық бабын өзгерту жоспарланған еді. Алайда жұмыс барысында түзетулер саны әлдеқайда көп екені белгілі болды. 2022 жылғы реформада Ата заңның 33 бабы жаңарғанын білесіздер. Ал, ендігі өзгерістер одан да ауқымды. Біз, шын мәнінде, жаңа Конституция қабылдаумен пара-пар қадам жасағалы тұрмыз. Сондықтан мен Конституциялық комиссия құру туралы шешім қабылдадым. Арнайы Жарлыққа ертең қол қоямын, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осы орайда Президент Комиссия құрамына 100-ден астам азамат кіретінін айтты.
— Оның ішінде Ұлттық құрылтай мүшелері, белгілі заңгерлер, ақпарат құралдары басшылары, аймақтық мәслихат төрағалары мен қоғамдық кеңес өкілдері және басқа да білікті мамандар болады. Бұл жұмысқа Конституциялық соттың төрағасы жетекшілік етеді. Комиссия барлық ұсынысты сараптап, қорытып, нақты өзгерістердің жобасын әзірлейді. Содан соң жалпыхалықтық референдум өтетін уақытты белгілейміз, — деді Мемлекет басшысы.
 
20 қаңтар 2026 ж. 301 0

Төл теңгені таңбалаған

14 қараша 2026 ж. 125

Ұлы тұлғаның ұлық тойы

14 қараша 2026 ж. 113

Қос ауылдағы қуаныш

14 қараша 2026 ж. 121

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30