Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қандай мәселелер талқыланады?

Қандай мәселелер талқыланады?

Фото: egemen.kz
Президенттің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Ұлттық құрылтайдың V отырысы 20 қаңтар күні Қызылордада өтетінін мәлімдеп, маңызды жиында қандай мәселелер талқыланатынын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.

«Сыр бойындағы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Қазақстанның келешек даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойларын ортаға салады», делінген Руслан Желдібай таратқан хабарламада.

Айта кетейік, елімізде Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы 2022 жылы Ұлытауда өткен еді. Ал 2023 жылы – Түркістанда, 2024 жылы – Атырауда, 2025 жылы – Бурабайда өтті.

Бұған дейін Президент Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринмен және Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевпен Парламенттік реформа бойынша кезекті жұмыс кеңесін өткізген еді.

Ерлан Қарин Мемлекет басшысына Жұмыс тобының 9 қаңтарда өткен отырысында болашақ бір палаталы Парламенттің мәртебесін, өкілеттіктері мен функцияларын анықтауға, сондай-ақ биліктің басқа да тармақтарымен өзара іс-қимылына қатысты тәсілдер әзірленгенін атап өткен.

Ал Ержан Жиенбаев Мемлекет басшысын конституциялық реформаға қатысты Жұмыс тобы мүшелері мен жұртшылықтан келіп түскен жаңа ұсыныстармен таныстырған.

Президент аталған кездесуде барлық пікір мен бастаманы ескеру қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ конституциялық реформа бойынша түпкілікті шешімді ел азаматтары жалпыұлттық референдумда қабылдайтынын мәлімдеді.

19 қаңтар 2026 ж. 215 0

Алтын құрсақты ана

07 наурыз 2026 ж. 83

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031