Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан көлемінде инвестициялық жобалардың іске асырылуы бақылауда

Аудан көлемінде инвестициялық жобалардың іске асырылуы бақылауда

Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов пен аудан прокуроры Мадияр Бекпанов аудан аумағында жүзеге асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалардың орындалу барысымен танысып, нысандарға кешенді бақылау жүргізді.
Алдымен аудан орталығы - Әйтеке би кентінде жеке кәсіпкер Үржамал Ешжанованың жүзеге асырып жатқан құны 650 млн. теңгені құрайтын сауда үйінің құрылысын көрді. Аталған жоба аудан тұрғындарын сапалы қызметпен қамтып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Мұнан кейін Басықара ауылындағы «АралРыбторг» ЖШС-нің құны 650 млн теңге болатын тауарлы балық өсіру тоғаны жобасының іске асу барысы зерделенді. Бұл жоба өңірде балық шаруашылығын дамытуға, жергілікті өнім көлемін арттыруға және ауыл шаруашылығы саласының әлеуетін күшейтуге бағытталған. Жалпы тоғанда балық өсіру жобасының 308 млн. теңге қаржысы кәсіпкердің өз қаражаты есебінен, қалған 342 млн.теңгесі «Байқоңыр Әлеуметтік Кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ арқылы несие алуға құжаттары ұсынылып отыр.
Нысандарды аралау барысында инвестициялық жобалар бойынша құрылыс жұмыстарының барысы, жоспарланған мерзімдер, қаржыландыру мәселелері, инженерлік инфрақұрылыммен қамту, жер телімдерінің заңдылығы жан-жақты қаралып, талқыланды.
Аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы инвестициялық жобалар аудан экономикасын дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды бастамалар екенін атап өтіп, олардың іске асу сапасы мен мерзіміне ерекше көңіл бөлу қажеттігін жеткізді.
Ал, аудан прокуроры Мадияр Ертарғынұлы инвестициялық жобаларды іске асыру барысында заңдылықтың сақталуы, кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылмауы және мемлекеттік органдар тарапынан негізсіз кедергілерге жол бермеу мәселелеріне тоқталып, прокуратура тарапынан бизнесті қорғау және жобаларды сүйемелдеу бағытында тұрақты бақылау жүргізілетінін жеткізді.
Аудан аумағында жүзеге асып жатқан инвестициялық жобаларды аралау барысында жауапты мекемелерге жобалардың іске асуын тұрақты бақылауда ұстап, туындаған мәселелерді уақтылы шешу жөнінде тапсырмалар берілді.
18 қаңтар 2026 ж. 137 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031