Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тауарлы балық өсіру – табыс тетігі

Тауарлы балық өсіру – табыс тетігі

Ауыл шаруашылығының бір бағыты ретінде балық шаруашылығын дамыту – бүгінгі күннің талаптарына сай келетін тиімді әрі табысты сала. Осы мақсатта ауданға қарасты Басықара ауылында ауқымды инвестициялық жобаның құрылысы қолға алынды.
Аталған елді мекен аумағынан жеке кәсіпкер Қуаныш Өмірзақов балық өсіруге арналған тоғандар салуды бастап кетті. Жобаны «Арал Рыбторг» ЖШС жүзеге асыруда.Аумағы 464 гектар жерді қамтитын бұл бастама «Тауарлы балық өсіру тоғанының құрылысы» деп аталады. Жалпы құны 650 млн теңгені құрайтын жобаны 2026 жылы толық іске қосу көзделіп отыр. Жоба аясында 52 тоған салынып, жылына 500 тоннаға жуық тауарлы балық алу жоспарлануда.
Жақында аудан әкімінің міндетін атқарушы Жалғас Сүйеубаев Басықара ауылына арнайы барып, кәсіпкермен кездесті. Ол жобаның маңыздылығына тоқталып, құрылыс барысымен танысты. Жергілікті билік өкілі жобаны жүзеге асыруда қажетті инвестициялық қолдау көрсетілетінін атап өтті. Қазіргі таңда бастама Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаға енгізілген.
Сонымен қатар кәсіпкер алдағы уақытта Солтүстік Қазақстан облысының үлгісімен жобаны дамытып, жергілікті тұрғындар үшін тұрақты жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отыр. Тоған толық іске қосылғанда шамамен 20 адамды тұрақты жұмыспен қамту көзделуде.
Тауарлы балық өсіру – ауданның агроөнеркәсіп кешенін әртараптандыруға және ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған тиімді табыс көздерінің бірі. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы жылдары да жалғасын тауып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосымша серпін беретіні сөзсіз.

Арайлым ҚУАНТҚАНҚЫЗЫ
09 тамыз 2025 ж. 22 0

Еңбекпен өрілген өмір

09 тамыз 2025 ж. 47

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031