Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Рух пен шабыт алаңында – жастар

Рух пен шабыт алаңында – жастар

Лахалы ауылында жастарының бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру, олардың шығармашылық қабілетін, ой еркіндігін, өнерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Жастар – рух пен шабыт алаңы» атты ойын-сауық, шығармашылық сайыс кеші жоғары деңгейде өткізілді.
Бұл күні жастар «Шабыт» және «Жалын» атты екі топқа бөлініп, өзара сынға түсті. Кештің өту барысы жүйелі, тартымды әрі мазмұнды өрбіді.
Таныстыру кезеңінде әр команда өз атауына сай ерекше дайындықпен шығып, тапқырлықтары мен ұйымшылдықтарын көрсете білді.
«Ой ұшқырлығы» атты бөлімде қойылған мазмұнды сұрақтар арқылы қатысушылардың өмірге деген көзқарасы, азаматтық ой-пікірі, туған жерге, достыққа, білім мен тәрбиеге қатысты пайымдары айқын көрінді. Нақты, терең пікірлері өздерінің ой-өрісі мен сөз мәдениетін танытты.
Ән және би кезеңдері кештің көркін қыздырып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Әр топ өз өнерін шынайы орындап, сахна мәдениеті мен шығармашылық шеберліктерін көрсетті. Музыкалық үзілістер кештің ырғағын бұзбай, көрермен мен қатысушылар арасындағы байланысқа серпін берді.
Топтық ойындар сынында жастардың ұйымшылдығы, шапшаңдығы мен бір-біріне деген қолдауы анық байқалды. Шынайылық пен рухани тереңдік көрінісіндей болған «Еркін микрофон» айдары ел ертеңдерінің армандары мен болашаққа деген сенімдерін ортаға салуға мүмкіндік берді.
Белсенділік танытқан топтар мен қатысушылар марапатталды. Шара соңында барша қатысушылар бірге ән шырқады.
«Жастар – рух пен шабыт алаңы» – мазмұны терең, тәрбиелік мәні зор, жастардың рухын көтеріп, өнерге деген ынтасын арттырған тағылымды деңгейде өтті. Ауыл жастарының бірлігін нығайтып, олардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға өз үлесін қосты.
Айнұр ӘЛІМБАЕВА
17 қаңтар 2026 ж. 26 0

Әр түйірінде шипа бар

17 қаңтар 2026 ж. 29

Тағылымға толы жүздесу

17 қаңтар 2026 ж. 32

Тәртіп – тәрбие бастауы

17 қаңтар 2026 ж. 26

Бюджет түсімі артты

17 қаңтар 2026 ж. 33

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031