Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өнер мен шабыт тоғысқан сәт

Өнер мен шабыт тоғысқан сәт

Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуына орай “Қазақ рухының – қазыналы ордасы” атты жас ақындар мүшәйрасын ұйымдастырды. Бұл байқаудың басты мақсаты – 11-15 жас аралығындағы оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдау, өлеңге деген қызығушылығын ояту және төл туындыларын кең аудиторияда ұсынуға мүмкіндік беру болды.
Сайысқа қойылған талаптар да қатаң болды. Әр қатысушы бұрын еш жерде жарияланбаған өз өлеңін ұсынып, өлең мәтіні компьютермен терілуі тиіс. Жалпы байқауға 7 оқушы қатысып, барлығы өз бойындағы талантын барынша таныта білді. Сайыс үш кезеңнен тұрды.
Атап айтқанда, бірінші кезеңде “Әдепті елдің баласы алыстан сәлем береді” тақырыбында қатысушылар өз-өздерін таныстырды. Келесі айналымда талапкерлер “Қазақ рухының қазыналы ордасы” төңірегінде Қызылорда қаласының 100 жылдығына арналған арнау өлеңдер оқыды.
Шешуші кезеңде “Жаныма жақын жырларым” тақырыбына арналды. Бұл кезеңде еркін тақырыптағы авторлық өлеңдер ұсынылды.
Сайыс барысында жастар өз дарынын жан-жақты көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Әсіресе, Жанель Жеткерген өлең оқу мәнерімен, ұйқасты үйлесімді қолдануымен ерекшеленіп, I орынды иеленді. Салтанат Дүйсенғали дауыс ырғағы мен әсерлі жеткізу шеберлігі арқылы II орынды жеңіп алса, Ернар Жәдігер да тыңдаушыларды тебірендіріп, II орынға лайық деп танылды.
Мадияр Бижан мен Нұрила Болатова ерекше ұйқастар мен көркем ойларымен III орынды еншіледі. Ал Ержан Ернұр мен Нұрдәулет Жайық өздерінің мәнерлі оқуы арқылы көзге түсіп, алғыс хатпен марапатталды.
Шара соңында барлық қатысушыларға естелік ретінде кітаптар сыйға тартылып, жас ақындарға үлкен шабыт берілді.
Ақындар сайысы – жас ұрпақтың өнерге, поэзияға деген махаббатын арттырудың, сөз өнерін қадірлеудің жарқын үлгісі болды. Осындай шығармашылық алаңдар жас дарындардың өсіп-өркендеуіне үлкен жол ашады. Шара әр жүрекке жылулық ұялатып, рухани азық сыйлады.
Зарина АЛДАМЖАР
22 сәуір 2025 ж. 42 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 82

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930