Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Германияда жаңа жыл қарсаңында фейерверк рекордтық сұранысқа ие болды

Германияда жаңа жыл қарсаңында фейерверк рекордтық сұранысқа ие болды

Импорттың басым бөлігі Қытайдан келеді.
Фото: canva
Экономикалық қиындықтарға қарамастан, Германиядағы фейерверк нарығы қарқынды өсім көрсетіп отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BILD басылымына сілтеме жасап.
Айторф қаласында орналасқан елдегі ең ірі пиротехника өндірушісі Weco жаңа жыл алдында сатылым көлемі артатынын болжап, сауда желілеріне өткен жылмен салыстырғанда зымырандар, салюттер мен петардаларды 10%-ға көп жеткізуде. Сұраныстың жоғары екенін Бремерхафен қаласындағы Comet компаниясы да растады.
Weco Германия аумағында пиротехникалық өнім өндіруді жалғастырып отырған жалғыз ірі компания болғанымен, фейерверктердің негізгі бөлігі шетелден импортталады. Бұл бағытта рекордтық көрсеткіш тіркелді: 2025 жылдың қаңтар–қыркүйек айлары аралығында Германияға 42 400 тоннадан астам пиротехникалық өнім импортталған, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 62,6 пайызға көп. Ресми деректерге сәйкес, импорттың 98%-ы Қытайға тиесілі.
"Өткен жылмен салыстырғанда өнім көлемі айтарлықтай артты. Бұл ерекше көрсеткіш, себебі былтырдың өзі өте табысты жыл болған еді", – деді BILD басылымына берген сұхбатында Пиротехникалық өнеркәсіп одағының атқарушы директоры Клаус Гоцен.
Германияда фейерверктерді сатуға тек 29-31 желтоқсан аралығында ғана рұқсат етіледі. Соған қарамастан, сала қазірдің өзінде әсерлі нәтижелер көрсетуде: 2024–2025 жылдардың тоғысында айналым көлемі рекордтық 197 миллион еуроны құрады.
28 желтоқсан 2025 ж. 137 0

Балаларға шаттық сыйлаған күн

28 желтоқсан 2025 ж. 122

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031