Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрі-дәрмек бағасы бір жылда 13,3%-ға қымбаттаған

Дәрі-дәрмек бағасы бір жылда 13,3%-ға қымбаттаған

Қазан айының қорытындысы бойынша Қазақстанда фармацевтикалық өнім бағасы бір жылда 13,3%-ға өсті. Дәрі-дәрмек қымбатшылығын Алматы тұрғындары қатты сезінді (+17,5%). Антилидерлер бестігіне Маңғыстау (+17,1%), Ақтөбе (+16,7%), Жетісу (+16,2%) және Жамбыл (+14,4%) облыстары кірді. Бағаның ең төмен жылдық өсімі Қызылорда облысында тіркелді (+8,9%), деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

2022 жылдың қаңтар-қазан айларында елімізде фармацевтикалық өнім өндірісі құндық мәнде 112 млрд теңгені құрады. Бұл былтырғыға қарағанда 13,2%-ға аз.
Өңірлік бөліністе шығарылатын дәрі-дәрмектің ең көп бөлігі Шымкентке тиесілі (46 млрд теңге). Үздік үштікте Алматы облысы (31,1 млрд тг) мен Алматы қаласы (16,2 млрд тг) бар.
Биыл қаңтар-қыркүйек айларының нәтижесіне сәйкес, елге 1 млрд долларға 18,7 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінген. Заттай көріністе өсім – 17,3%, ақшалай өсім – 25,8%.
ТМД елдерінен 101,3 млн долларға 6,2 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінді. Мұнда елімізге импорттың негізгі көлемі Ресейден келген (4,6 мың тонна). Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,6%-ға аз. Дәрі-дәрмек жеткізушілердің негізгі үштігіне Беларусь пен Украина да кірді.
ТМД құрамына кірмейтін елдерден Қазақстан 900 млн долларға 12,5 мың тонна дәрі-дәрмек әкелген. Үздік үштікте Қытай (2,6 мың тонна), Германия мен Үндістан бар.
21 қараша 2022 ж. 1 578 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 148

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 131

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031