«Бастаңғыны» насихаттаған балалар

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айнұр Кенжалиева мен педагог ұйымдастырушы Бауыржан Бердібай сөз алып, ұлттық құндылықтарымызды жас ұрпақтың бойына сіңірудің маңыздылығына тоқталды.
– Құрметті ата-аналар, оқушылар бүгін керемет күн. Көрісу күнімен тұспа-тұс келген сыныптарыңыздың Наурыз мерекесі тойлайтын күндеріңіз қатар келіп отыр екен. Қыстан аман-сау шыққанымызға осы күнді амал күні, көрісу күні деп атаған. Мереке баршамызға құтты болсын. Деніміз сау, отбасымыз аман болсын! Балалар үздік оқып, бізді қуантсын, – деді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айнұр Кенжалиева.
– Көктем айы келіп, Наурыз мерекесі тойлауды бастап кеттік. Дана халқымыз күн мен түннің теңесуін біліп, жылдың басы санаған. Барлығыңызға жаңа жыл құтты болып, ақ мол болсын. Еліміз тыныш, бейбітшілік заман болып, өсіріп отырған балаларымыз биік белестерден көріне берсін, – деді педагог ұйымдастырушы Бауыржан Бердібай.
Шаттыққа толы шара соңында балалар ән шырқап, би биледі. Керемет көрініс қойылды. Кең көлемде өткен мектеп оқушыларының шарасы көңіл қуантты. Келген қонақтар дастарқаннан дәм татып, тілектерін айтып, «Наурыз көже» ішті.
Қаракөз ЕРМЕКБАЕВА