Үй мен мектеп – бір кемеде

Маңызды тәрбие жұмысында мектептің педагог-психологтары Айна Амангелдіқызы мен Роза Әбдіқалиева, арнайы маман Толқынай Елубайқызы баланың ішкі әлеміне үңіліп, оны түсіну, қолдаудың заманауи тәсілдерімен бөлісіп, тағылымдық кеңестер берді.
Бала тәрбиесі – қос тараптың ортақ құндылығы. Мектеп білім мен тәртіпке бағыт берсе, үйде сол ұстанымның іргесі қаланады. Ұстаз бен ата-ана бұл бағытта мақсаттарын бір арнаға тоғыстыруға мүдделі. Апталық аясындағы «Empathy zone: Баршаға тең мүмкіндік» тақырыбындағы жұмыс ұсынылды.
Ата-ана ретінде мектепте өткен шараларға жиі қатысамын. Айтайын дегенім, дефектолог, арнайы маман Толқынай Елубайқызының үйден оқитын ерекше ұлыммен жасаған жұмыстары үнемі қуантып, баламның ертеңіне сенімімді арттыруыма септесіп отырады. Бұл апталықтағы түрлі жаңашыл шара, әдіс-тәсіл, тренингтер де жоғары деңгейде өтті. Қатысушалар көтеріңкі көңіл күй, жаңа ізденісті бағыттарға қанығып, алғыс айтып, тарқасты.
Бақыткүл АЙЖІГІТОВА,
Ата -ана