Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Маңызды мәселелер қаралды

Маңызды мәселелер қаралды

Жуырда аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезекті 48-сессиясы өтіп, онда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
Жиынға аудан әкімі Алмасбек Есмаханов, Қызылорда облысының құрметті азаматы Самұрат Имандосов, облыстық мәслихат депутаты Ибайдулла Тілеп, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекпанов, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Талайлы Бөріқұлақов, аудан прокуроры Мадияр Бекпанов, сондай-ақ облыстық бағыныстағы басқарма басшылары, қала, кент және ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдер мен мекеме-кәсіпорын жетекшілері қатысты.
Сессияға аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш төрағалық етті.
Күн тәртібіне сәйкес 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджетті бекіту, аудандық мәслихат төрағасының бір жыл ішінде атқарған жұмыстары туралы есебі, Қазалы аудандық мәслихатының алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарын бекіту, сондай-ақ «Әлеуметтік, мәдени, құқық қорғау және жастар саясаты» жөніндегі тұрақты комиссияның атқарған жұмыстары тыңдалды.
Сессия барысында аудан әкімі Алмасбек Есмаханов баяндама жасап, жыл басынан бері ауданда атқарылған ауқымды жұмыстарға кеңінен тоқталды. Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей қолдауы және облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың басшылығының нәтижесінде Сыр өңірінде, соның ішінде Қазалы ауданында да жүйелі әрі нәтижелі жобалар жүзеге асырылуда.
Аудан экономикасының барлық негізгі салаларында тұрақты өсім қалыптасып, даму көрсеткіштері айтарлықтай жақсарған. Жыл басында аудан бюджеті 18,9 миллард теңге болып бекітілсе, 11 айдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 21,6 млрд теңгеге жеткен. 2025 жылдың 11 айында өнеркәсіп өндірісі 114,1 пайызды, өңдеу өнеркәсібі 114,4 пайызды, сауда көлемі 101,1 пайызды, ауыл шаруашылығы 103,6 пайызды, негізгі капиталға тартылған инвестициялар 109,2 пайызды, құрылыс жұмыстары 127,3 пайызды, ал тұрғын үй құрылысы 110,5 пайызды құрап, аудан экономикасының серпінді дамып отырғанын көрсетті.
Ауыл шаруашылығы саласында да оң нәтижелерге қол жеткізілді. Биыл аудан диқандары 17445 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастырып, егін орағы белгіленген мерзімде толық аяқталды. Жыл көлемінде ауданда бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысан пайдалануға берілді.
Атап айтқанда, Жанқожа батыр ауылында 300 орындық «Келешек мектебі», «Руханият» орталығы, жаңа прокуратура ғимараты, Қазалы мәдени-демалыс кешені, Руханият сквері мен Орталық алаң бой көтеріп, халық игілігіне ұсынылды.
Президент тапсырмасына сәйкес мемлекетке қайтарылған активтер есебінен ауданда 1 медициналық және 4 ауыз су жобасы жүзеге асырылды. Нәтижесінде Сарбұлақ, Шилі, Шәкен және Шитүбек секілді шалғай елді мекендер таза ауыз сумен қамтамасыз етілді. Сонымен бірге аудандық көпбейінді орталық аурухана жанынан кардиология және инсульт орталығы салынды.
Бұқаралық спорт пен мәдениетті дамыту бағытында да жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Әйтеке би кенті, Бекарыстан би және Қожабақы ауылдарында спорт кешендері салынып, Майдакөл ауылында 100 орындық ауылдық клуб пайдалануға берілді.
Бүгінде аудан орталығындағы 120 жылдық тарихы бар Қазалы теміржол вокзалына күрделі жөндеу жұмыстары басталып, вокзал маңындағы теміржол үстінен өтетін жаяу жүргіншілер көпірі қайта салынуда.
Сессия барысында аудандық мәслихат депутаттары атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы жоспарларды қолдайтындықтарын білдірді. Жиын соңында аудан әкімі қол жеткізілген нәтижелер бірліктің, бірлесе атқарылған еңбектің жемісі екенін атап өтіп, алдағы уақытта да ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
Айта кетейік, 2026 жылға арналған аудандық бюджет 13,0 миллиард теңге көлемінде бекітіліп, оның ішінде өз кірістер 4,3 миллиард теңгені, субвенциялар 5,8 миллиард теңгені, ал трансферттер 3,0 миллиард теңгені құрады.
Қабылданған шешімдер мен бекітілген жоспарлар аудан халқының тұрмыс сапасын арттыруға, инфрақұрылымды дамытуға және экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз етуге негіз болмақ. Бұл өз кезегінде жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың бірлескен жұмысы нәтижесінде ауданның әлеуетін одан әрі нығайтуға жол ашады.

Арайлым ЖҮСІПОВА

23 желтоқсан 2025 ж. 117 0

Оңалтудың үйлесімді орталығы

23 желтоқсан 2025 ж. 111

Түнгі қонақ

23 желтоқсан 2025 ж. 121

Маңызды мәселелер қаралды

23 желтоқсан 2025 ж. 118

Жол түзелмей, ел түзелмейді

23 желтоқсан 2025 ж. 117

Тұрғындарға тиімді баға

23 желтоқсан 2025 ж. 114

Жаңа жылға – жаңа нысан

23 желтоқсан 2025 ж. 115

Ақсуатта бекет ашылды

23 желтоқсан 2025 ж. 122

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031