Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Партиялық бақылау комиссиясының жылдық жұмысы қорытындыланды

Партиялық бақылау комиссиясының жылдық жұмысы қорытындыланды

Бүгін аудандық партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтіп, жыл басынан бері атқарылған жұмыстар қорытындыланды.

Күн тәртібінде алдымен партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасында орындалмау тәуекелі бар бағыттар қаралды. Атап айтқанда, жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін арттыруға бағытталған №44, 47, 48-тармақтарға сәйкес жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы, күрделі және орташа жөндеу жұмыстарының орындалу барысы талқыланды. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде тұрғындар тарапынан көтерілген 5 көпқабатты тұрғын үй аумағындағы әлеуметтік-инфрақұрылымдық және коммуналдық мәселелер назарға алынды. Аталған мәселелер бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін қоса атқарушы Жасұлан Сыдықов баяндама жасады.

Талқылау барысында комиссия мүшелері жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарын сапалы әрі уақтылы аяқтау, қаржыландыру көздерін нақтылау, тұрғындар көтерген мәселелерді кезең-кезеңімен шешу жөнінде бірқатар ұсыныстарын айтты.

Мұнан соң аудандық партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының есепті кезеңде атқарған жұмыстары және күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша ағымдағы жылдың 11 айында берілген ұсыныстардың орындалу барысы туралы комиссия төрағасы Әділбек Сарабеков хабарлама жасады. Есепті кезеңде комиссия бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес 6 отырыс өткізіп, 18 мәселені қараған. Нәтижесінде тиісті мекемелер мен ұйымдарға 75 ұсыныс жолданып, бүгінгі таңда оның 65-і орындалған, ал қалған 10 ұсыныс белгіленген мерзімдерге сәйкес партиялық бақылауда тұр.

Сондай-ақ отырыста партиялық бақылау комиссиясының құрамы қайта сайланып, 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.
Отырыс қорытындысында қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.

#AMANAT
22 желтоқсан 2025 ж. 102 0

Алматыда жер сілкінісі болды

22 желтоқсан 2025 ж. 172

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031