Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Партиялық бақылау комиссиясымен атқарылған жұмыстар барысы қаралды

Партиялық бақылау комиссиясымен атқарылған жұмыстар барысы қаралды

Бүгін «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті. Жиында көктемгі егіс науқанына дайындық, сонымен қатар Арал және Қазалы аудандарындағы партиялық бақылау бекеттерінің жұмысы, жалпы партиялық бақылауды ұйымдастыру және ішкі партиялық тәртіпті нығайту мәселелері қаралды.

Отырысқа ZOOM платформасы арқылы партия филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев пен Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Әділбек Сарабеков қатысты. Күн тәртібіндегі екінші мәселе Партиялық бақылау комиссиясының атқарған жұмыстары жөнінде Әділбек Сербайұлы баяндама жасап, алдағы міндеттерге тоқталды.

«Өткен жылы аудандық партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясымен бірқатар маңызды жұмыстар атқарылды. Өткізілген 11 отырыста 21 мәселе қаралып, 92 ұсыныс тиісті мекемелерге жолданды. Сайлауалды бағдарлама аясында жүргізілген құрылыс нысандары тұрақты бақылауда болды. Сонымен қатар, аудан аумағындағы азық-түлік пен жанармай бағасына, әлеуметтік нысандардың мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделуіне тұрақты түрде мониторинг жүргізілді », – деді Әділбек Сербайұлы.

Сонымен қатар, комиссия төрағасы ағымдағы жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстарды баяндап, партиялық бақылау жұмысы алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

Жиынды қорытындылаған облыстық партия филиалының Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұркен Бақытбекұлы күн тәртібіндегі мәселелер бақылауда болатынын, сондай-ақ аталған жұмыстарға жоғары жауапкершілікпен қарау қажеттігін айтты.

#AMANAT
04 сәуір 2025 ж. 376 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 144

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 200

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 169

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 148

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 163

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930