Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Партиялық бақылау комиссиясының отырысында бірқатар мәселелер қаралды

Партиялық бақылау комиссиясының отырысында бірқатар мәселелер қаралды


«AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Әділбек Сарабековтың төрағалығымен комиссияның кезекті отырысы өтіп, онда бірқатар мәселелер қаралды.
Жиында қаралған алғашқы мәселе елді мекендерді жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстар туралы. Аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Еркін Сейтовтың айтуынша, барлық елді мекендердің жайылымдық жерлері бекітілген. Тек Сарбұлақ, Тасарық, Ажар елді мекендері орман қорының жерінде орналасуына байланысты жайылымдық жерлері бекітілмеген.

Келесі мәселе әлеуметтік желілерде өзекті ретінде көтерілген аудан бойынша қоғамдық көліктердің қызметі мен сапасы жайында болды. Бұл туралы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін қоса атқарушы Жасұлан Сыдықов баяндама жасады.

«Қазіргі уақытта №1, №3, №4 және №6 маршруттар бойынша 18 шағын автобус тұрғындарға қызмет көрсетуде. Алайда қосалқы бөлшектердің қымбаттауы мен Indriver секілді жеке такси қызметтерінің көбеюі жолаушылар ағынының төмендеуіне себеп болды. Бұл тасымалдаушылар үшін шығындарды өтеуді тиімсіз етеді. Алдағы уақытта қоғамдық көлік инфрақұрылымын дамыту, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін ескере отырып, маршруттық желілерді оңтайландыру бағытында жұмыстар жүргізілетін болады», – деді Ж.Сыдықов.

Жиынға арнайы қатысқан партия филиалының төрағасы, аудандық мәслихаттың төрағасы Ғазиз Әмәмбетұлы мәселенің өзектілігіне тоқталды. Сонымен қатар қоғамдық көліктерге бюджет қаражаты есебінен бөлінетін субсидия көлемін ұлғайту және тасымалдаушылармен, яғни жүргізушілермен кездесу ұйымдастыру қажеттігін атап өтті.

Отырыс барысында аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов мектеп оқушыларының жазғы демалысқа дайындық барысы мен инклюзивті білім беру бағытындағы жұмыстарға тоқталды. Ал аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі басшысының міндетін қоса атқарушы Арыстанбек Қанат Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын міндеттер мен партияның Сайлауалды бағдарламасын ауданда орындаудағы кәсіпкерлік бағытындағы шаралар жөнінде баяндады.

Жиын соңында комиссия төрағасы Әділбек Сарабеков жазғы демалыс кезінде мектеп оқушыларының қауіпсіздігіне баса назар аудару қажеттігін атап өтті. Басқа да комиссия мүшелері өз пікірлерін білдірді.

#AMANAT
29 мамыр 2025 ж. 644 0

Сазгер кеші

31 мамыр 2025 ж. 8

Алтын арқау «АЗиЯ»

30 мамыр 2025 ж. 90

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031