Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті
Аудандық партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Жиынға комиссия төрағасы Әділбек Сарабеков төрағалық етті.
Ең алдымен комиссия отырысында партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру шеңберінде әзірленген өңірілік Жол картасындағы Қазалы ауданы бойынша құрылыс саласында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде қаралды. Ол жөнінде аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің башысы Нұрбек Күзембаев баяндады.
Мұнан соң аудан көлемінде жол сапасын жақсартуда атқарылған және электр желілерінің тозу деңгейін азайту мақсатында жүргізілген жұмыстар жөнінде аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жасұлан Сыдықов баяндаса, ал аудан халқына медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бағытында жүргізілген жұмыстар және міндетті медициналық сақтандыру жұмысының орындалу барысы жөнінде аудандық көп бейінді орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Күншығар Әбілов айтып берді.
Комиссия мүшелері тарапынан күн тәртібінде қаралған мәселелерге сәйкес ұсыныстар айтылып, тиісті қаулылар қабылданды.
#AMANAT