Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Абай ауылындағы жайылым мен шабындық жерлердің жай-күйімен танысты

Аудан әкімі Абай ауылындағы жайылым мен шабындық жерлердің жай-күйімен танысты

Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Абай ауылының тұрғындарының жеке қабылдауда көтерген өтініштеріне сәйкес, ауыл маңындағы жайылымдық пен шабындық жерлерді және каналдарды аралап көрді.

Жергілікті халықтың айтуынша, соңғы жылдары жайылым мен шабындық алқаптарда су тапшылығы сезіліп, мал жаю мен мал азығын дайындауда бірқатар қиындықтар туындап отыр. Сондай-ақ каналдар арқылы жайылымдық жерлерге су беру мәселелерінде бір жүйеге келтіру жөнінде ұсыныстар айтылды.

Аудан әкімі көтерілген мәселелердің өте өзекті екенін атап өтіп, бұл бағытта жүйелі түрде нақты шаралар қабылданатынын жеткізді. Атап айтқанда, су арналарына инженерлік-техникалық зерттеу жүргізу, каналдарды тазалау, Ақсай каналын құжаттандыру, каналға су тоспасын салу арқылы Әбекен каналына су жіберіп, ауыл маңындағы 7 мың гектарға жуық жайылымдық және шабындық жерлерді суландыруды қолға алу мүмкіндіктерін қарастыру бойынша тиісті сала мамандарына тапсырмалар берілді.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығына қажетті инфрақұрылымды жақсарту арқылы жайылымдық жерлердің өнімділігін арттыру, мал ұстауға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асатыны айтылды.

Аудан басшысы бұл жұмыстар тұрақты бақылауда болатынын, тұрғындармен кері байланыс орнату жалғасатынын жеткізіп, жергілікті халықты бірлікпен, ортақ іске жұмыла атсалысуға шақырды.

09 желтоқсан 2025 ж. 23 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031