Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өткелдерге резина төсеніштер төселуде

Өткелдерге резина төсеніштер төселуде

Әйтеке би кенті – ауданның экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан қарқынды дамып келе жатқан елді мекендерінің бірі. Күн сайын мұнда автокөлік қозғалысы артып, жүргіншілер легі көбейіп келеді. Осындай қарбалас тіршіліктің ортасында орналасқан теміржол өткелдері көп уақыт бойы тұрғындарға қолайсыздық туғызып келгені белгілі. Себебі екі бірдей өткелде резиналық төсеніштердің болмауы салдарынан көліктер рельстерден өткен кезде қатты діріл сезіліп, қозғалыс баяулап, қауіпсіздік мәселелері жиілеп отырған еді. Бұл жағдайды жұртшылық сан мәрте көтеріп, оны шешу қажеттілігі күн тәртібінен түспеген.
Тұрғындардың орынды талабын ескерген аудан әкімі Алмасбек Есмаханов мәселені назардан тыс қалдырмай, теміржол саласының тиісті мамандарымен бірлесе отырып, нақты шараларды қабылдады. Жұмыстарды жеделдету туралы тапсырма беріліп, өткелдерді қауіпсіз етуге бағытталған жоба әзірленді. Соның нәтижесінде көптен күткен құрылыс жұмыстары бастау алды.
Жуырда Әйтеке би кентінің солтүстік бөлігіндегі теміржол өткеліне резиналық төсеніштерді төсеу жұмыстары ресми түрде қолға алынды. Ал желтоқсанның 10-ынан бастап кенттің оңтүстік бағытындағы өткелде де дәл осындай жұмыстар жүргізілмек. Жоба толық аяқталғаннан кейін екі бағыттағы да қозғалыс анағұрлым қауіпсіз әрі ыңғайлы болмақ.
Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов солтүстік өткелдегі құрылыс барысын өз көзіммен көріп, жұмыс сапасын тексерді. Мердігер компания өкілдерінен атқарылып жатқан іс-шаралар туралы толық ақпарат алып, төсеніштердің ұзақ мерзімге төзімділігі мен қауіпсіздік талаптарының қатаң сақталуын тапсырды.
Резиналық төсеніштердің артықшылықтары көп. Олар рельстерден өтетін көліктердің дірілін азайтып, шуды төмендетеді. Ең бастысы, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға ықпал етеді. Мұндай жаңғыртулардың арқасында тұрғындардың күнделікті қозғалысы қауіпсіз әрі қолайлы болмақ.
Жергілікті халық та бұл өзгерістерге оң бағасын беріп, билік тарапынан қолға алынған бастамаға ризашылықтарын білдіруде. Тұрғындар үшін ең өзекті мәселелердің бірі шешімін тауып, кенттегі инфрақұрылым біршама жақсарып келеді.
Әйтеке би кентіндегі теміржол өткелдерінің жаңартылуы – тек бүгінгі күннің ғана емес, болашақтың да қауіпсіздігі үшін жасалып отырған игі қадам. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, ауданның тұрмыстық және көлік инфрақұрылымын жаңа деңгейге көтеретіні сөзсіз.
Бекзат АСАН
09 желтоқсан 2025 ж. 23 0

Берекелі жәрмеңке

09 желтоқсан 2025 ж. 121

Құрылыста қам қалай?

09 желтоқсан 2025 ж. 74

Су деңгейі бақылауда

09 желтоқсан 2025 ж. 35

Қос кездесу

09 желтоқсан 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031