Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кент келбеті кемел істермен келісті

Кент келбеті кемел істермен келісті

Бүгінде 50 мыңға жуық халқы бар Әйтеке би кенті – аймақтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынды, ең ірі аудан орталықтарының бірі саналады. Соңғы жылдары мұнда тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру, тұрмыс жағдайын жақсарту, қоғамдық орындардың тазалығын сақтау және кент келбетін заманауи деңгейге көтеру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Кенттің абаттандырылуы мен санитарлық тазалығы – аудан басшылығының тұрақты бақылауындағы өзекті мәселелердің бірі.
Әйтеке би кентін көркейту мен көгалдандыру шаралары жыл сайын кең ауқымда жүргізіліп, жаңа жобалармен толықтырылуда. Бұл ретте облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының тапсырмасына сәйкес, аудан көлемінде халық игілігіне бағытталған ауқымды жұмыстар қолға алынған. Соның бірі – ауданның басты қақпасы іспетті теміржол вокзалының күрделі жөндеуден өткізілуі. Қазіргі таңда вокзал аумағында жаяу жүргіншілерге арналған жаңа көпір салынуда. Сонымен қатар вокзал маңы толық абаттандырылып, кәсіпкерлік нысандардың қасбеттері жаңартылып, сәулеттік келбеті ретке келтірілуде. Перон мен вокзал алдындағы алаңдарға брусчатка төсеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Әйтеке би кентін аралау барысында осы жұмыстардың барысымен танысып, сапасына ерекше назар аударды. Ол тиісті сала басшылары мен мердігер ұйым өкілдеріне нақты тапсырмалар жүктеп, жұмыстың белгіленген мерзімде әрі сапалы орындалуының маңыздылығын атап өтті. Теміржол вокзалы мен оның айналасындағы абаттандыру шараларын жыл соңына дейін толық аяқтау жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, аудан басшысы Әйтеке би кентінің кіреберіс қақпасына жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысын көріп, бұл нысанның ауданның айнасы, қонақтар үшін алғашқы әсер қалдыратын маңызды архитектуралық элемент екенін айтты. Сондықтан қақпаның дизайны мен құрылыс сапасы қатаң бақылауда болмақ.
Сондай-ақ аудан әкімі кент әкіміне көшелерді қураған шөп пен жапырақтардан тазалау, аяқ су арналары мен арықтарды ретке келтіру, тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орындарға шығару, қоршаулар мен бағаналарды сырлау, бордюрларды әктеу сияқты тазалық және көркейту шараларын жүйелі түрде жүргізу туралы тапсырмалар берді.
А. ҚУАНТҚАНҚЫЗЫ
11 қараша 2025 ж. 192 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 162

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 113

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031