Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Әйтеке би кентіндегі жол жөндеу және тазалық жұмыстарын көрді

Аудан әкімі Әйтеке би кентіндегі жол жөндеу және тазалық жұмыстарын көрді

Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Әйтеке би кентіндегі Желтоқсан көшесіне асфальт төсеу жұмыстарының барысын бақылап, құрылыс сапасына назар аударды.
Аталған көше — кент ішіндегі көлік қозғалысы жиі жүретін, тұрғындар тарапынан жиі көтерілетін мәселенің бірі болатын. Қазіргі таңда жолдың күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аудан әкімі мердігер мекеме «Строймодуль Астана» ЖШС-нің жауапты өкіліне жол сапасына ерекше мән беруді тапсырып, белгіленген мерзімде сапалы аяқтау қажеттігін ескертті.
Сонымен қатар, аудан әкімі Әйтеке би кенті көшелеріндегі санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстарын да қарап шықты. Кенттің келбеті мен тұрғындар өмірінің жайлы болуы үшін тазалықтың маңыздылығына тоқталған Алмасбек Әбілқасымұлы тиісті сала басшыларына тұрақты бақылау жүргізуді тапсырды.
Аудан басшысы кентті аралау барысында тұрғындармен де тілдесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
23 қараша 2025 ж. 174 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031