Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Теміржол вокзалы жаңаша түрленуде

Теміржол вокзалы жаңаша түрленуде

Қазалы өңірінің қақ төрінде орналасқан теміржол вокзалы – ауданның айнасы, мыңдаған жолаушының алғашқы әсерін қалыптастыратын нысан. Бүгінде бұл ғимаратта заман талабына сай жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов нысанда болып, күрделі жөндеудің барысымен танысты.
Бұған дейін аудан басшысы теміржол саласының жауапты мамандарымен кездесіп, вокзал құрылысы мен теміржол мекемелеріне қатысты өзекті мәселелерді талқылаған болатын. Сол кездесу нәтижесінде нақты шаралар айқындалып, жұмыс жүйелі бағытқа түскен.
Қазіргі таңда вокзал ғимаратының күрделі жөндеуі «Қазақстан Темір Жолы» ұлттық компаниясы» АҚ қаржыландыруымен, мердігер мекеме «Бақ Береке» ЖШС тарапынан атқарылуда. Эскиздік жобаға сәйкес, нысанда іргетас пен қабырғалар нығайтылып, шатыр ауыстырылды, есік-терезелер жаңартылды.
Алдағы кезеңде жолаушыларға арналған күту залдары заманауи талаптарға сай жабдықталып, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасалады. Сондай-ақ қауіпсіздік жүйелері орнатылып, вокзал аумағында көгалдандыру мен брусчатка төсеу жұмыстары жүргізіледі.
Аудан әкімі нысанды аралау барысында вокзалдың сыртқы келбеті мен қызмет сапасының өңірдің имиджін айқындайтынын атап өтті. Сонымен бірге санитарлық тазалық пен көркейту жұмыстары әркез басты назарда болуы тиіс екенін ескертті.
Мердігер мекеме басшысы Қайрат Ерназаровқа аудан әкімі жөндеу жұмыстарын жыл соңына дейін сапалы әрі мерзімінде аяқтау жөнінде нақты тапсырма беріп, жобаның орындалуы тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.
Теміржол вокзалын күрделі жөндеуден өткізу – уақыт талабы әрі өңірдің көлік инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған стратегиялық қадам. Бұл жоба жолаушылар қатынасының тиімділігін арттырып қана қоймай, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына да серпін береді.
Айта кетейік, бүгінде «Қазақстан Темір Жолы» компаниясының қолдауымен мердігер «ҚазТеміржол Engineering» ЖШС тарапынан вокзал маңындағы теміржол үстінен өтетін жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы да қатар жүріп жатыр.
А. ҚУАНТҚАНҚЫЗЫ
11 қазан 2025 ж. 209 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 38

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031